386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев: Еліміздің халықаралық резерві 90 млрд доллардан асты

  • 599
  • UPD: 12:30, 07.06.2018

Бүгін елордада шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХХІ пленарлық отырысы өтті. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Қазақстан экономикасына қаржы құйған алпауыт компания жетекшілерінің ұсыныс-пікірін тыңдады. Жиында сан алуан бастама көтеріліп, ел әлеуетін арттыру жайында маңызды мәлімдемелер жасалды.

Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі – билік пен бизнес арасында қалыптасқан бірегей алаң. Бұл құрылымның пленарлық отырыстарында мемлекет үшін де, әлемдік компаниялар үшін де тиімді шешімдер қабылданады. О баста, яғни 1998 жылы инвесторлармен орнатылған тікелей байланыс арқылы ел экономикасына 300 миллиард доллардан астам қаржы құйылды. Кеңес құрамы биыл біршама өзгеріп отыр. Бүгінгі отырыста оның жаңа мүшелері таныстырылды. Бірақ жиынның негізгі өзегі бұл емес. Басты мәселе – әлемдегі технологиялық өзгерістерге ілесе білу.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сегодня мир вступил в эпоху цифровизации, четвертой промышленной революции, происходят глубокие стремительные технологические изменения, это и определило тему нашего сегодняшнего обсуждения – «Ускоренная модернизация». Вы знакомы с тем, что мы собираемся делать в этом направлении, осуществляем несколько программ, чтобы жить в ногу со временем.

Сонымен, шетелдік инвесторлар кеңесіне жаһандық 35 компанияның жетекшісі келді. Олардың барлығы елімізде ілкімді істерін ілгерілетіп, экономикалық даму қарқынын арттырып келеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Казахстан ни в один год не допустил рецессии, благодаря тем резервам, которые были, благодаря тому, что мы принимали решение. Но проблем хватает и ошибок хватает. Но самое главное, могу сказать, что по инвестициям на одного жителя Казахстан сегодня имеет цифру выше, чем в среднем по миру и в два раза выше, чем в развивающихся странах. Благодаря этому Казахстан сегодня развивается, и мы осуществляем новые программы. Мы прислушивались к вам и принимали решения для решения проблем и борьбы с коррупцией и чиновничеством, исправляя наше законодательство. Без вас это было бы сложно сделать. Большой опыт ваш сослужил большую службу. Совет является важной площадкой для обсуждения вопросов экономики страны.

Ел экономикасына 9 миллиард доллар инвестиция құйған халықаралық құрылымдардың бірі – Еуропалық қайта құру және даму банкі. Қаржы ұйымы алдағы уақытта да бірлескен жаңа жобаларды қаржыландырады. Соның бірі жаңартылған қуат көзі саласында. Оған банк 38 млн доллар инвестиция құятын болды.

Сума Чакрабарти, Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті:

- Қазақстанда жүргізілген трансформация шын мәнінде таңқаларлық.  Бүгінде сіздердің елдеріңіз орта табысты мемлекетке айналды. Бұл елдің мүмкіндігін кеңейте түсті. Әрине, қауіп-қатер де жоқ емес. Біздің  көздеген мақсатымыз бір. Әріптестігімізді кеңейтіп, саяси реформаларға атсалысу. Жасыл экономиканы дамытып, капиталдың өсуіне ықпал ету.

Жалпы, еліміздің жаңартылған қуат көзі саласына қызығушылық зор. Себебі, үкімет шетелдік жұмыс күшін тарту үдерісін біршама жеңілдетіп отыр. Оның әсері өңдеу өнеркәсібін де ілгерілетті. Соңғы 12 жылда елімізге 264 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Қаржының 70 пайызы тау-кен саласына бағытталған.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- 2017 жылы Қазақстан экономикасына құйылған әрбір төртінші доллар өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Жыл сайын инвестициялық климат жақсарып келеді. Ұлттық заңнамаларды экономикалық ынтымақтастық және даму елдерімен сәйкестендірдік. 

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

- Инвестиция саласындағы дау-дамайлар тез шешімін табатын болды. Оның нәтижесі соттардың үнемі мемлекетті қолдайтыны туралы жалаң пікірді жоққа шығарып отыр. Яғни жеке компаниялардың арыз-шағымына әділетті көзқарас қалыптасты.  

Қазақстандағы инвестициялық жағдайдың жақсарғанын шетелдік инвесторлар да айтты. «Ендігі мәселе – кадр тапшылығы», – деді шетелдік компания жетекшілері. Олар осы ретте сапалы маман даярлауға көп көңіл бөлуді ұсынды. Бұған қоса жаңа экологиялық кодекс қажеттігін алға тартты. Сонымен қатар салықтан жалтарып, кейін қарызын толық өтеген кәсіпкерге қылмыстық іс қозғамау туралы мәселе көтерілді.

Агрис Прейманис, Шетелдік инвесторлар кеңесі қауымдастығының басқарма төрағасы:

- Қазақстан үкіметіне инвестиция саласындағы мәселелердің тиімді шешім тапқаны үшін алғыс білдіремін. Соңғы 12 айда бұл салада қыруар шаруа атқарылды. Дегенмен адам капиталын жақсарту тұрғысындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажет деп ойлаймын. Себебі, сапалы кадрлар жетіспей жатады.

Кеңеске қатысушылар алдағы ауқымды жоспарларын да таныстырды. Солардың бірі – «Лукойл» компаниясы. Кәсіпорын басшысы келер жылы Алматыда алып зауыт салатынын айтты.

Вагит Алекперов, «Лукойл» компаниясының президенті:

- Бұл өндіріс ТМД аумағындағы инновациялық зауыт болады. Онда майлау материалының барлық түрі шығарылады. Автоматтандыру арқылы кез келген тапсырысты 24 сағатта орындауға мүмкіндік туады.

Әлемде Астана секілді қарқынды дамып келе жатқан қала кемде-кем. Соңғы 2-3 жылда бой көтерген жаңа әуежай мен вокзал, қаржы орталығы және ЭКСПО ғимараттары болашақ үшін маңызды қадам. Осы жайтты ерекше атап өткен инвесторлар қазақстандық мұнай-газ саласындағы әріптестіктің көкжиегі кең екенін де алға тартты.

Бен ван Берден, «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры:

- Әлем қарқынды түрде дамыған күннің өзінде 2050 жылға дейін мұнай мен газға 85 пайыз тәуелді болады. Яғни қазақстандық пайдалы қазбаларға сұраныс төмендемейді. Қашаған, Қарашығанақ және өзге де кен орындарындағы әріптестігіміз жалғаса береді. 

«Өнеркәсіптерді дамытқан өте дұрыс. Алайда қоршаған ортаны ластауға да жол жоқ», – деді жиын барысында сөз алған тағы бір шетелдік инвестор Игорь Финогенов.

Игорь Финогенов, «Полиметалл УК» АҚ компаниясының президенті:

- Өнеркәсіптерді жаңғыртамыз деп айналаны ластамау керек. Қазақстанның табиғаты керемет қой. Сондықтан кәсіпорындардан таралатын улы заттарды азайту мәселесімен айналысқанымыз дұрыс. Мәселен, компаниямыз бұл тұрғыда нақты қадамдар жасап жатыр. Қондырғыларды өзгертіп, өндірісті жасыл технологияға негіздедік. Экологияға зиян келтірмегеніміз үшін «Барыс» сыйлығын иелендік. Осыны әріптестерім ескерсе екен деймін. Себебі, Қазақстанда жасыл экономикаға деген көзқарас, қолдау айрықша.

Мемлекет басшысы инвесторлар ұсынысын тыңдай келе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасын одан әрі дамытуды жалғастырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін 5 бірдей бағытты атады. Яғни инвесторлармен ендігі жұмыс заңнамалық өзгерістерді нәтижелі жүзеге асыру мен экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығын өркендету, экспорттық мүмкіндікті арттыру және адам капиталын дамыту тұрғысында өрбитін болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Международные резервы нашей страны превысили 90 млрд долларов. Это основа для создания второй экономики, инфраструктурных проблем, и социального самочувствия нашего народа. В рейтинге всемирного банка «Дуинг бизнес» за последние 10 лет Казахстан поднялся с 64 на 36 место. Реализуемая инфраструктурная программа «Нұрлы жол» направлена на усиление евразийской интеграции и сопряжение с инициативой Китая «Один пояс, один путь». На базе ЕХРО-2017 реализован ряд важных проектов. Мы всему миру показали возможности Казахстана. 5 июля состоится презентация Международного финансового центра «Астана». МФЦА должен стать ядром финансовой инфраструктуры Казахстана и хабом для всего Центрально-Азиатского региона.

Жалпы, еліміздің барлық салада мүмкіндігі зор, әсіресе транзиттік тасымалда. Қазақстан бұл бағытта жол қатынасын жақсартып келеді. Жүйелі жоспарлар жүзеге асса, 2020 жылға дейін еліміз арқылы қатынайтын транзиттік жолаушылардың саны 1,6 млн адамға жетуі тиіс. Осылайша инвесторлармен кеңейтілген құрамда өткен кеңес түрлі бағыттарды қамтып, алдағы мақсат-міндеттерді айқындады.

Пленарлық отырыс соңында Мемлекет басшысы келелі кеңестің ендігі жиынында адам капиталын дамыту тақырыбын талқылауды ұсынды. Себебі, білім мен ғылымды тереңінен игеруге бет бұрған еліміз үшін бұл мәселе аса маңызды.

Айта кетейік, шетелдік инвесторлар кеңесінің ендігі отырысы келер жылдың 6 маусымында өтетін болды.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Хабар 24 телеарнасы