386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда Елбасының қатысуымен ШЫҰ-ның саммиті басталды

  • 711
  • UPD: 12:26, 10.06.2018

Бүгін Қытайдың Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 18-ші саммиті басталды. «Шанхай сегіздігінің» алдағы жоспары қандай? Ұйымға мүше мемлекеттердің көшбасшылары бұл сұрақтың жауабын кеңінен талқылайды. Айтулы шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып жатыр.

Жиынға Қазақстаннан бөлек Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан және Пәкістанның президенттері де келді. Биылғы басқосудың ерекшелігі, ұйымның толыққанды мүшелері ретінде Үндістан мен Пәкістан қатысуда. Осылайша трансұлттық алпауыт ұйымның әлеуеті күшейе түспек. Саммит қорытындысы бойынша Циндао декларациясы қабылданады деп жоспарланып отыр. «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы да басты назарда.

Хабар 24 телеарнасы