386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Ұлттық валюталарымызбен есеп айырысуға көшуді ойлауымыз керек

  • 703
  • UPD: 10:16, 11.06.2018

Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті XVIII саммиті өз мәресіне жетті. Сегіз мемлекеттің басын қосқан саммит соңында Циндао декларациясы қабылданып, ғаламдық мәселелер тағы бір сүзгіден өтті.

Ал Нұрсұлтан Назарбаев көпке ой салар бастамаларымен бөлісті. Тұрақтылықты сақтау, экономикалық өсімді қамтамасыз ету, әріптестік байланысты арттыру жайында айта келе: «Өзара алыс-беріс жасағанда ұлттық валюталарымызбен есеп айырысуға көшуді ойлауымыз керек, бұл экономика қауіпсіздігі үшін қажет», – деді Елбасы.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің биылғы ерекшелігі сегіздік алғаш рет бас қосып отыр. Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан алтылығын былтыр Үндістан және Пәкістан толықтырды. Ұйым бір мүшелді еңсерді. Жыл өткен сайын Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аймақта ғана емес, жаһандағы ықпалы артып келеді. Биыл ұйымға төрағалық тізгіні Қытайда.

Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы:

– Шанхай ынтымақтастығының XVIII саммитіне қош келдіңіздер! Пәкістан Президенті Мамнун Хусейн мен Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модиге айрықша қошемет көрсеткім келіп отыр. Олар биылғы отырысқа ұйымға мүше мемлекет басшысы ретінде алғаш рет қатысуға келді. Сондай-ақ Қырғызстан Президенті Жээнбеков мырзаны да мемлекет басшылары кеңесіне алғаш рет қатысуымен құттықтаймын. Біздің отырысымыз ШЫҰ кеңейтілгеннен кейін мұндай форматта алғаш рет өткізілуде. Барлық 8 мемлекеттің басшылары осында. Саммиттің тарихи мәні бар. Ұйым мүшелері санының артуы арқасында біз қуатты, мықты бола түстік.

Саммитке Шанхай ынтымақтастығы ұйымына бақылаушы елдердің басшылары да қатысты. Олар – Ауғанстан, Иран, Моңғолия және Беларусь Республикасы. Үш ел диалог жөніндегі әріптес – Түркия, Шри-Ланка, Камбоджа. Әділдікке негізделген серіктестікті көрген өзге елдер ұйымға қосылуға ынтық. Құрылым мүшелерінің мүддесі бір. Экономикалық өсім және аймақтағы қауіпсіздікті бірлесе күшейту. Қазақстан ұйымға мүше елдердің ұстанымдарымен үнемі келіседі. Бекітілген ортақ жарғыға да берік. Ұзақмерзімді серіктестіктің аясын кеңейту қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Циндао саммитінде бірнеше бастама көтерді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Совокупная мощь 3-миллиардного человеческого пространства наших стран следует использовать для экономического сотрудничества ШОС. Важно обеспечить переход в реализации торгово-экономического сотрудничества между нашими странами с двухстороннего на многосторонние уровни. Мы выступаем, чтобы создать в рамках организации совместные механизмы финансирования проектов и мобилизацию экономических ресурсов. Необходимо задействовать и в полную силу потенциалы делового совета.

Расында Шанхай сегіздігі – алып нарық. Ұйымға мүше мемлекеттердің ортақ шекарасы 34 млн шаршы шақырым. Бұл Еуразия құрлығының 60 пайызына жуық. Халықтың саны 3 миллиардтан асады. Шанхай ынтымақтастық ұйымына жаңа елдердің ынтымақтасуы Еуразия құрлығының 65%-ын қамтып отыр. Құрылымның тарихына көз жүгіртсек, аз уақытта халықаралық қауымдастық мойындаған беделді ұйымға айналды. Сенім мен әріптестікке негізделген достықтың бір шеті Үнді мұхитында, екінші жағы Атлант мұхитына дейін созылып жатыр. Жаһандық экономикадағы сәтсіздіктерге жауап қатудың жалғыз жолы бар. Ұйымға мүше елдер өз нарықтарын қорғауы тиіс. Президент қаржы институттарын дамыту үшін Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндігін пайдалануды ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– В мире много говорится о диверсификации корзины мировых валют – снижения рисков валютной зависимости и появления криптовалют. В этой связи необходимо подумать о переходе к взаимным расчётам в национальных валютах всех стран ШОС, как одном из объектов безопасности экономики наших стран. Центробанки наших государств после Саммита сегодняшнего в Циндао могли бы собраться вместе и начать разработку соответствующих нормативных актов.

Төртінші өнеркәсіптік революция, цифрландыру, роботизация – уақыт талабы. Ғылымның дамыған заманы. Әріптес мемлекеттер осы бағытта күш біріктірсе, көздеген нәтижеге қол жеткізері анық. Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық серпілісіне инфрақұрылымдық мегажобалар септігін тигізеді. Бұл дегеніңіз жаңадан ашылатын мыңдаған жұмыс орны.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Как пример, могу привести такие идеи, как: реализация евразийской высокоскоростной железнодорожной магистрали по маршруту Пекин-Астана-Москва-Берлин. Маршрут можно провести и через другие организации ШОС. Осуществление данного проекта объединит конструктивный формат взаимодействия ШОС, евразийского экономического союза, надеюсь в будущем и Европейского союза.

Елбасы ұйым шеңберінде қауіпсіздік мәселесінің ең маңызды басымдық екенін атап өтті. Қауіптен қауымдасып қана құтылуға болады. Лаңкестердің амбициясы барған сайын күшейіп барады. Мемлекет ішінен мемлекет құрғысы келеді. Кейбір сепаратистік топтардың құрылымдану тарихы тереңде жатыр. Тамыры бір құрлықтан келесі құрлыққа дейін жайылып кеткен.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Конфликты в Азии, Африке, на Ближнем Востоке и в других горячих точках рассматриваются нами с неизменной позиции необходимости политического урегулирования. Казахстан привержен экономическому устойчивому и безопасному развитию Афганистана. В этом плане мы оказываем финансовое содействие Кабулу многие годы. Будучи принимающей стороной межсирийских переговоров в Астане Казахстан продолжает внимательно следить за процессом урегулирования кризиса в Сирии. За короткий промежуток времени Астанинский переговорный процесс при активной поддержке России, Турции и Ирана зарекомендовал себя в качестве действенного инструмента на пути достижения всеобъемлющего мира в Сирии.

Шанхай кеңесінде терроризмге қарсы күрес, шекара қауіпсіздігі, есірткі айналымын тежеу, сепаратизм мен экстремизм қаупінің алдын алу секілді күрделі мәселелер талқыға түсті. Қауіпсіздік мәселесіне қатысты Ресей басшысы Владимир Путин де үн қатты.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

– Сириядағы жағдайды реттеуде Ресей, Иран, Түркия және Қазақстан секілді әріптес мемлекеттердің тыңғылықты әрекетінің арқасында қауіп сейілді. Террорлық топтарға тойтарыс бердік.

Саммитте қабылданған сүбелі құжат – Циндао декларациясы. Кеңейтілген құрамдағы отырыстан кейін 20-дан астам құжатқа қол қойылды.

Маңызды құжаттардың арасында ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының жастарға бірлескен үндеуі, өзара ұзақмерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартты жүзеге асырудың 5 жылдық жоспары, терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасы бар. Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жоба да өзекті. Себебі Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің халқы 3 миллиардтан асады. Ал ұйымға төрағалық тізгіні Қырғыз Республикасына өтті. Келер жылы маусымда ұйым мүшелері Бішкекте кездеспек.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Әлібек Әлиев

Хабар 24 телеарнасы