374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры А.Жүдебаевты қабылдады

  • 1697
  • UPD: 18:47, 13.06.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевты қабылдады.

«Ұшқан ұяң, тәрбие төрің, кейін оркестр басқардың, шеберлігің толысты, таңдаулы 100 есімге атың жазылды. Ендігі жерде консерваторияны басқаруға әбден шамаң келеді. Сол себепті саған үлкен сенім артылды», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз «100 жаңа есім» дегенде кездестік. Оны жеңгенің де бекер емес. Әлі жассың, бірақ музыкантқа жастың қандай қатысы бар. Қазақстандада да, дүниежүзінде де көрсеттің. Ең үлкен оркестрді басқарып жүрсің. Консерваторияға ректор қылып тағайындау үшін шақырып отырмын. Соны өзің бітірдің, ұшқан ұяң.

Арман Жүдебаев, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры:

- Сеніміңізді ақтаймын деп ойлаймын. Сол консерваторияда оқыдық, қара шаңырақ, сонда екі мамандық бойынша білім алып, шетелдерде шеберлігімізді шыңдадық. Қолымнан келеді деп ойлаймын. Әрі қарай ұлттық өнерімізді жаңғырту үшін үлесімді қосамын.

Осы категория бойынша: « Үкімет басшысы министрлерге соңғы рет ескерту жасады Н.Назарбаев футболдан Әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы