365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет үйінде Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері талқыланды

  • 414
  • UPD: 13:35, 16.06.2018
Үкімет үйінде Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері талқыланды

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстанның туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Кеңес барысында туризм саласын дамытудың маңызды аспектілері талқыланып, туристік қызметті мемлекеттік қолдау шаралары қаралды.

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР туристификация картасы жобасымен таныстырды.

Карта жобасы 62 туристік дестинация мен нысаннан тұрады, олардың 46 бұрыннан әрекет етуші және 16 жаңа. Негізгі іріктеу критерийлері жалпы ел үшін туристік магнит ретінде нысанның бірегейлігі және туристік ағын көлемінің әлеуетті өсуі болды. Ұсынылған нысандардың тарихи және мәдени маңызы, мысалы, ЮНЕСКО-да мойындалған ескерткіштер немесе Ұлы Жібек жолының нысандары тізіміне енгізілген ескерткіштер, сондай-ақ «Рухани Жаңғыру» жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысандар ескерілді.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Осы категория бойынша: « Елбасының Қазанға сапары барысында қазақ-татар қарым-қатынасын нығайтатын бастамалар көтерілді Б.Сағынтаев Дүниежүзілік банк пен ХҚК вице-президенттерімен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы