365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰБТ нәтижесін Telegram арқылы білуге болады

  • 1581
  • UPD: 11:29, 20.06.2018

Бүгін елімізде ҰБТ басталды. Тестілеуге республика бойынша 102 мыңнан аса түлек қатысуы тиіс. Қазір өңірлерде мектеп бітірушілер сынақ тапсырып жатыр.

Биыл тест қабылдайтын 1200 аудитория жасақталған. Соның бірі – Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

– Бүгін сынаққа қатысатын кез келген түлек үшін өте жауапты күн. Себебі 11 жыл бойы оқыған білімін дәлелдеуі керек. Ата-аналары мен ұстаздары да уайымдап, балаларының тілеуін тілеп отырғаны айтпаса да түсінікті. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде тестілеу басталды. Жалпы Астана бойынша бұдан бөлек тағы 2 оқу ордасында сынақ қабылданып жатыр. Еуразия ұлттық университеті мен Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда унирвеситетінде елордалықтар ҰБТ тапсырады. Ал еліміз бойынша бұл шара 1 шілдеге дейін жалғасады. Осы тұста айта кеткен жөн, 7 мыңға жуық мектеп бітіруші  – «Алтын белгіден» үміткер. Сондай-ақ биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өтіп жатқанын кез келген тұрғын онлайн жүйеде көре алады. Еліміздегі тест тапсыру аудиторияларының 90 пайызы осындай бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталған. Әрі биыл жергілікті жерлерде комиссиялардың саны 1 жарым есеге артып, 5 мың адамға жетті. Бұл өз кезегінде сынақтың барынша әділ өтуін қамтамасыз етпек. Биыл ҰБТ-ның нәтижесін Telegram арқылы да білуге болады. Ол үшін тест тапсырушының жеке кодын енгізсеңіз болғаны. Бұдан бөлек, әдеттегідей Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан да қарай аласыздар. Сондай-ақ ҰБТ жөнінде халықты мазалаған кез келген сұрақ бойынша қоңыраулар қабылдайтын арнайы колл-орталық іске қосылды.

Осы категория бойынша: « Елбасы Қайрат Мәмиді ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындады Қазақстан Президенті Парламент Сенатының отырысына қатысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы