384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ-2018: Алғашқы күннің нәтижесі

  • 2791
  • UPD: 11:56, 21.06.2018

Биылғы түлектер жоғарғы оқу орнына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып жатыр.

Кешегі күннің нәтижесі белгілі болды. Тест тапсырған 13 мың 897 түлектің 11 мың 795-і жоғары оқу орнына құжат тапсыруға мүмкіндік беретін шекті балға қол жеткізді. Ал өкінішке орай, 2 мың 102 түлек тиісті балл жинай алмады. Бұл – алғашқы күні тестілеуге қатысқандардың 15 пайызы. Республика бойынша орташа балл – 80,9. Бұл өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда, шамамен 4 пайызға көп. Тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш – 137 балл.

Рамазан Әлімқұлов, ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры:

– Өтініштердің саны тіркелген біздің базада – 14250, ал нақты қатысқандардың саны – 13897. Тіркелгенмен салыстырған кезде 97,5 пайыз құрап отыр. Шекті балдан асқандар саны – 11795. Яғни 84,8 пайыз.

Хабар 24 телеарнасы