370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰБТ: еліміз бойынша орташа көрсеткіш – 83 балл

  • 908
  • UPD: 15:32, 23.06.2018

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы 3 күнінің нәтижесі бойынша 8499 түлек межелі балды жинай алмады.

Бұл туралы Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді. Айтуынша, үш оқушының сынақ нәтижесі жойылды. Екі үміткер өз еркімен тест тапсырудан бас тартты. Биылғы ерекшеліктің бірі 46 түлек емтиханды ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірген. Айта кететін тағы бір жайт, биыл балалардың үштен бірі техникалық мамандықтарды таңдаған. Тестілеудің алғашқы үш күнінде онлайн көрсетілімге ешқандай шағым түскен жоқ. Әзірге түлектер жинаған ең жоғары балл – 139.

Рамазан Әлімқұлов, ҚР БҒМ ҰБТ орталығының директоры: 

- Нақты Ұлттық бірыңғай тестілеуге кіргендері – 58967, былтырғы нәтижемен салыстырғанда бір пайызға өсті. Яғни 96,5. Шектік балды өткендердің саны – 50468. Қазақстан бойынша орташа балл – 83. Былтыр ол 80 пайыз болды. Жоғары балл – 139, әлі ешкім ең жоғары 140 балды алған жоқ.

Осы категория бойынша: « 29 маусымда ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді Атырауға апатты жағдайда қонған Boeing 737 ұшағының жолаушылары қонақүйге орналастырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы