368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде базалық зейнетақыны көтеру үшін 530 млрд теңге бөлінді

  • 640
  • UPD: 16:09, 25.06.2018

Келер айдан бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгереді. Енді қазынадан төленетін зейнетақы мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне тәуелді болмақ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары мәлім етті.

Светлана Жақыпованың айтуынша, қазір базалық зейнетақы барлығына бірдей төленіп отыр. Ал оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызына тең. Шамамен 15 мың теңге көлемінде. Енді қайта есептеу шаралары жүргізіліп, нәтижесінде әрбір адамның зейнетақысы автоматты түрде белгіленді. Зейнеткерлерге қосымша құжат тапсыру міндеттелмейді. Кез келген азамат зейнетақы мөлшерін электронды үкімет порталынан немесе «Азаматтарға арналған үкіметтің» кеңселерінен анықтай алады.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

- Өтілі 10 жылдан аз немесе мүлдем болмаған жағдайда төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы белгіленеді. Ал 10 жылдан кейін әр бір жыл үшін  базалық зейнетақы 2 процентке ұлғаяды. Базалық зейнетақының ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғарғы мөлшері 100 пайыз немесе 28 284 теңгені, еңбек өтілі  33 жыл және одан көп болған азаматтар алатын болады.

Бүгінде елімізде 2 млн астам адамға базалық зейнетақы тағайындалған. Оның ішінде 940 мың азаматқа 28 284 теңгеден тиесілі. Ал тағы 931 мыңға жуық зейнеткер ең төменгі күнкөріс деңгейіне жақын зейнетақы алады. Базалық зейнетақыны көтеруге ел қазынасынан 530 млрд теңге қарастырылған.

Осы категория бойынша: « Атырауға апатты жағдайда қонған Boeing 737 ұшағының жолаушылары қонақүйге орналастырылды Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы