367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

  • 198
  • UPD: 22:06, 25.06.2018

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанды Түркия Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанның осы сайлаудағы жеңісі түрік халқының оның жүргізіп отырған саясатына қолдау көрсеткенінің айқын дәлелі екенін атап өтті.

Режеп Ердоған Қазақстан Президентіне ризашылық білдіре отырып, сайлаудың демократия қағидаттарына сай, халықтың жаппай қатысуымен өткенін айтты.

Сондай-ақ, Мемлекеттер басшылары бауырлас екі ел арасындағы сындарлы диалогты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Осы категория бойынша: « Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды Елбасы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттар беру туралы өкімге қол қойды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы