365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Астана маңындағы «жасыл белдеуге» барады

  • 274
  • UPD: 13:28, 29.06.2018
Елбасы Астана маңындағы «жасыл белдеуге» барады Түркістан

Бүгінде Астана маңындағы «жасыл белдеудің» аумағы 83 мың гектардан асты. Ал алдағы 2 жылда 100 мың гектарға жетуі тиіс.

Бүгін қолдан жасалған орманды жылдағы дәстүр бойынша Елбасы аралап көріп, қырғауылдарды ұшырады деп жоспарланып отыр. Президент сол маңдағы демалыс орындарының біріне де барып, журналистерге сұхбат береді деп күтілуде. Айта кетейік, қазір жасыл желекте ағаштың 117 түрі өседі. Тіпті біздің жерді жерсіне бермейтін талдарға дейін шетелден әкелініп отырғызылады екен. Сондай-ақ құстың 10-ға жуық түрі бар. Орман аңға да толы. Елік, қоян, түлкі, борсық, суыр, тиын, кейде бұғыларға дейін келіп-кетіп жүреді. Бұған қоса 21 бас марал бар. Қазір бұл аймақта туризм дамып келеді.

Жұматай Сүйіндіков, «Жасыл аймақ» РМК бас директоры:

- Біз көп жылға жалға беріп жатырмыз. Осында сұрап алып жатыр. Қазір 20-дан астам жалға алған азамат бар. Оның ішінде қазір халық келіп демалып жатыр. Велосипед теуіп, атпен серуендеп, жаяу серуендеп жүрген халық көп. Мектеп уақытында оқуышылар да келеді.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы Өскемендегі роботтандырылған хирургия орталығына барды Қазақстандық депутаттар демалысқа шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы