369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды

  • 255
  • UPD: 19:40, 29.06.2018

Елбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып аталсын.
  2. Министрлікке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;

2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақта:

«Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі;».

  1. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 28 маусым

№707

 

Ақпарат көзі: akorda.kz

Осы категория бойынша: « Елбасы сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған конституциялық заңға қол қойды Елбасы Астана маңындағы «жасыл белдеуді» аралады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы