365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Ұлттық ғарыш орталығына барды

  • 286
  • UPD: 15:48, 02.07.2018

Мемлекет басшысы Астананың 20 жылдығы қарсаңында Ұлттық ғарыш орталығына барды. Нұрсұлтан Назарбаев тәжірибелік өндірісі бар ғарыш техникасының арнайы конструкторлық бюросын аралап көрді.

Кешен спутниктердің қосалқы бөлшектері мен құрал-жабдықтарын өндіруге арналған. Онда 100 келіге дейінгі бұйымдар мен ғарыштық аппараттарды механикалық сынау зертханасына дейін бар. Заманауи өндірісті көрген соң Президент ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің өндірістік учаскесіне де барды. Бұл зауыт отандық ғарыш саласын дамудың жаңа сатысына көтеруі тиіс. Ол жыл соңына дейін іске қосылады деген жоспар бар. Президент алдында атқарылған жұмыс жөнінде Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.

Осы категория бойынша: « Н.Назарбаев: Домбыра – қазақтың бренді мен паспорты, ешкімге ұқсамайтын қайталанбас келбеті Мемлекет басшысы Астана мерейтойына сыйға тартылған жаңа балабақшаға барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы