368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы «Ұлытау» аллеясына барды

  • 386
  • UPD: 16:31, 02.07.2018
Мемлекет басшысы «Ұлытау» аллеясына барды

Қарағанды облысы да Астанаға сыйлық жасады. «Қазақ еліне мың алғыс» атты 14 метрлік монументі бар жаңа «Ұлытау» аллеясын сыйға тартты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы аллеяға барып аралады.

Монументте 3 баланы бауырына басқан қазақ әйелінің мүсіні бейнеленген. Оның символикалық мағынасы терең. Репрессия жылдарында түрлі ұлт өкілдерін бауырына басқан қазақ халқын бейнелейді. Сондай-ақ аллеядан Ұлытаудың ең басты құндылықтары қойылған. Тіпті Алтын шоқы дөңінің басынан табылған Әмір Темірдің жазуы басылған тастың көшірмесіне дейін бар. Сондай-ақ Теректі Әулие мен Байқоңырдың петроглифтерін де көруге болады. Тастардағы жазулар сол кездегі тарихтан сыр шертеді.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы Астана мерейтойына сыйға тартылған жаңа балабақшаға барды Елбасы Ботаникалық баққа барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы