368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Президенті паралимпиадалық жаттығу орталығын ашты

  • 452
  • UPD: 20:10, 04.07.2018

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы бірегей нысан – паралимпиадалық жаттығу орталығын ашты. Бұл – Қазақстандағы бірінші халықаралық деңгейдегі мамандандырылған паралимпиадалық жаттығу орталығы.

Мемлекет басшысы ойын залы мен жаттығу алаңын аралап, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамымен емен-жарқын әңгімелесті. «Сіздер өз табандылықтарыңыз бен күш-жігерлеріңіздің арқасында біздің елді әлемге таныттыңыздар. Сіздер көпке үлгісіздер», – деді Президент. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарының алтын жүлдегері Александр Колядинге мотоцикл сыйлады. Ал Азия Паралимпиада комитетінің президенті Маджид Рашед мырза Нұрсұлтан Назарбаевқа Азия  Паралимпиада комитетінің «Құрмет» орденін табыс етті.

Осы категория бойынша: « Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан. Тәуелсіздік. Астана» ұғымдарын бөліп-жаруға болмайды Мемлекет басшысы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл қойды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы