370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы елорда тойына арнайы келген мәртебелі меймандармен жүздесті

  • 319
  • UPD: 11:19, 07.07.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорда тойына арнайы келген мәртебелі меймандармен салтанатты жиынға қатысты. Оған Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді.

Елбасы жиында қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады. Сондай-ақ әрбір отандасымыз үшін «Қазақстан, Тәуелсіздік, Астана» қастерлі ұғымға айналғанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев бас қаланың тарихына да тоқталып, Қазақстанның қазіргі елордасы көне Бозоқ қалашығынан бастау алатынын айтты. Сонымен қатар салтанатты қабылдауға келген мәртебелі меймандар да ыстық ықыласын жеткізді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Астана жаңа идеялар мен инновацияның әлем таныған орталығына айналды. Елордада жаһандық экономикалық дамудың өзекті мәселелерін талқылайтын Астана экономикалық форумы өткізілуде. Дүние жүзінің 100-ге жуық елінен келетін Нобель сыйлығының лауреаттары, түрлі саланың ғалымдары мен сарапшылары жыл сайын Астанада бас қосады. Астана бүгінде күллі адамзат дамуына ықпал ететін әрі тарихи шешімдер қабылданатын жаһандық орталыққа айналды. 

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

- Астана - қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның жарқын көрінісі. Халықаралық маңызға ие шараларды өткізуге арналған алаң. Ірі экономикалық әрі қаржылық орталық. Соңғы жылдары мұнда ЭКСПО көрмесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті және өзге де әлемдік жиындар өтті. «Астана» халықаралық қаржы орталығын көрдік. Оның құрылуы бауырлас елдің ең үлкен жетістігі әрі Орталық Азияның ортақ мақтанышы дер едім. Бұның барлығына Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі өз халқына деген шексіз махаббаты себеп.

Бұған қоса Мемлекет басшысы сәулеті мен дәулеті келіскен Астананы тұрғызған құрылысшылармен кездесіп еселі еңбектерін ерекше атап өтті.

«Себебі Сарыарқаның сайын даласында бас қаланың бой көтеруіне көпшілік күмәнмен қараған еді», - деп еске алды Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мало кто верил, что сегодня столица станет такой. Я благодарен всем присутствующим здесь. Я  не смог бы это сделать, если бы не ваш великий труд. Ваша заслуга останется в памяти будущих поколений.

Осы категория бойынша: « Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған отшашу Нұрсұлтан Назарбаев: Астананың салынуымен бірге қазақтың жаңа дәуірі басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы