374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде демалыс күндері 20 адам суға кеткен

  • 636
  • UPD: 15:53, 09.07.2018

Елімізде демалыс күндері суға батқандар саны 20 ға жетіп жығылған. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

Белгіленбеген жерде шомылып, судың зардабын көргендер әсіресе Шығыс Қазақстан облысында басымырақ. Қызылорда мен Қарағанды облысында да жалпы 6 адам суға кеткен. Ал ауа температурасы +45 градусқа жеткен Түркістан облысында да қайғылы жағдай жаз мезгілі басталғалы орын алып отыр. Өңірде 16 адам шомылып жүріп қайтыс болған.

Шығыс Қазақстан облысында өткен демалыс күндері 6 адам суға батып кетті. Облыстық ТЖД мәліметінше, олардың тең жартысы – ата-ана қарауынсыз суға шомылуға шыққан балалар. Мәселен, Жарма ауданындағы Шар өзенінен сол маңдағы тұрғындардың көмегімен 11 және 7 жастағы екі баланың денесі шығарылды. Ал Шемонайха ауданында 6 жасар бала тілсіз жаудың құрбанына айналды. Ересектер де қауіпсіздік ережелерін ескерер емес. Семейде құтқарушылар суға батып кеткен 33 және 45 жастағы екі азаматтың денесін алып шықты. Жалпы демалыс кезінде құтқарушылар 100-ден астам рейд жұмыстарын ұйымдастырып, 4 мыңға тарта адамға қауіпсіздік ережесін түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізген. Алайда шомылуға шыққандар сақтық шараларына әлі де салғырт. Шомылу маусымы басталғалы бері өңірде 18 адам көз жұмды.

Солтүстік Қазақстан облысында да демалыс күндері екі ер адам қаза тапты. Екеуі де рұқсат етілмеген жерде шомылған. Бірі Имантау көліне, ал екіншісі Есіл өзеніне батып кеткен. Өңірде мереке күндері күн ысып, тұрғындар жаппай суға түскен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері батып бара жатқан тағы 3 адамды құтқарып қалды. Оның екеуі – бала. Мамандардың айтуынша, адамдар суға түсерде, қарапайым қауіпсіздік ережелерін елеймейді. Әсіресе ата-аналар балаларына немқұрайлы қарайды.

Сергей Черкасов, облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің басшысы:

– Қайғылы жағдайлардың басты себебі – адамдар рұқсат етілмеген жерде шомылады. Спирттік ішімдік ішіп түседі. Сондықтан біз күнде арнайы рейдтер ұйымдастырып, демалушыларға ескерту жасаймыз.

Түркістан облысында шомылу маусымы мамыр айында басталған. Сол уақыттан бері белгіленбеген жерге суға түскендердің соңы қайғылы жағдаймен аяқталуда. Өзен-көлдерде, каналдарда суға кеткендердің дені – ересектер мен әке-шешесінің қарауынсыз қалған жас балалар.

Мадияр Мырзатаев, облыстық ТЖД бас маманы.

– Түркістан облысы бойынша шомылу маусымының басынан бері судағы қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтамай жазатайым оқиғаларға алып келген бұл – он алтыншы оқиға. Оның ішінде 16 адам қайтыс болған. Шымкент қаласы бойынша 2 оқиға орын алып, оның ішінде 2 адам қайтыс болса, оның біреуі – бала. 

«Ал судағы қауіпсіздік қағидалары мен шараларын сақтамау, жазатайым оқиғаларға алып келеді», – дейді төтеншеліктер.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Эльмира Ахметова, Айдарбек Айтмұхамбет

Осы категория бойынша: « Еңселі елордаға 20 жыл Астананың 20 жылдығына және Қазақстан Президентінің туған күніне орай кездесу өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы