389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі С.Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 852
  • UPD: 21:56, 09.07.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Жапониядағы нөсер жаңбыр мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Табиғи апат салдарынан жақындарын жоғалтқан және зардап шеккен отбасылардың, сондай-ақ бүкіл Жапония халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының осындай ауыр сәтте Жапония халқымен бірге екенін жеткізіп, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Хабар 24 телеарнасы