374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Ақмола облысындағы шаңғы базасының ашылуына қатысты

  • 615
  • UPD: 16:23, 11.07.2018

Щучинск қаласы шаңғы спортынан жарыстарды қабылдауға әзір. Ақмола облысы Бурабай ауданында көптен күткен шаңғы базасы қолданысқа берілді.

Қысқы спорт түрімен айналысатын атлеттер мұнда жыл бойы жаттығу өткізе алады. Бірегей спорт кешенін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аралады. Сондай-ақ Елбасы шаңғы базасынан өзге екі кешенді аралайды.

Шучинск қаласындағы шаңғы базасының құрылысы 2016 жылы басталған. Спорт кешені шартты түрде шаңғы базасы деп аталғанымен, мұнда трамплин, биатлон, шаңғыдан халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге болады. Мұнда 2 тұғыр бар. Біреуінің биіктігі – 125, екіншісі – 90 метр. Спорт кешенінің жалпы аумағы – 125 гектар. Оның құрылысына 37 млрд теңге республикалық бюджеттен қаражат бөлінген. Нысан теңіз деңгейінен 430 метр биіктікте орналасқан. Мердігер компанияның өкілдері барлық халықаралық талап сақталғанын айтады.

Мирко Горник, құрылыс компаниясының директоры:

- Кеше рекорд орнады. Шаңғышылар трамплиннен секіріп көрді. Ол – 125 метр. Нысанның құрылысын Халықаралық шаңғы федерациясы жоғары бағалап отыр. Трамплин салынған аймақта желдің жылдамдығы секундына 3 метрден аспауы керек.

Авторы: Әсем Қабылбек

Осы категория бойынша: « Қазақстан банктеріне Өзбекстанда бөлімшелерін ашуға мүмкіндік туды Мемлекет басшысы ішкі туризмді дамыту бойынша тапсырма берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы