369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы ішкі туризмді дамыту бойынша тапсырма берді

  • 392
  • UPD: 16:23, 11.07.2018

«Бурабай» демалыс аймағының инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қолға алынбақ. Мемлекет басшысы Көкшенің кереметінде су құбыры мен электр желісін жөндеп, керек жерлеріне инфрақұрылым тартылса, инвесторлар да табылатынын айтты.

Есесіне ішкі туризмнің өркендеуіне қаржы құюдан аянып қалмайтын азаматтарға қолайлы жағдайлар жасау қажеттігін де Елбасы тілге тиек етті. Дәлірек айтқанда, табысын еселеп, пайда тапқысы келетіндер үшін салықтық жеңілдіктер қарастыру керек. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесіне де ден қойылды. «Ол үшін жастарды оқытуымыз керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кету керек, дәл қазір Қазақстан Президенті Ақмола облысында жұмыс сапарымен жүр. Мемлекет басшысы Үкімет пен жауапты министрлік және аймақ басшысының ішкі туризмді дамыту бойынша есебін тыңдап, бірқатар тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Барлығымыздың қазіргі ойымыз – елдің ішінде демалыс жасау, балаларымызға Қазақстанды көрсету, қаншалықты еліміздің әдемі екенін білдіру. Сондықтан қазір мемлекет бетбұрысын осыған қарай бөліп отыр, біріншіден. Екіншіден, бұл экономикалық тиімді сала болып саналады. Бұл оңай емес. Бұған инвестиция керек. Жағдай керек. Ондай жағдай бар. Бурабайдың ішінде ең бірінші жасайтын мәселе – ішкі инфрақұрылымын бітіру. Жол. Себебі, сыртқыны аяқтадық. Дайындық жүргіздік, бұған келу үшін дайындық керек еді. Үлкен жол салынды Астанадан Бурабайға қарай. Автожол, теміржол салынды. Көкшетаудың әуежайы жөнделді. Жолдың барлығы ішіне келді. Енді инфрақұрылымды енгізу керек. Егер де нысандарға су әкелетін болсақ, электр жүйесін алып келетін болсақ, жылу, канализация әкелетін болсақ, мемлекеттің туризмге істейтіні сол болады. Оны мемлекеттен басқа ешкім салмайды. Сонда инвесторлардың келуіне мүмкіншілік жасалады. Оның ішінде оларға жеңілдік жасайтын болсақ, ол да жақсы. Бесжұлдызды Rixos қонақ үйін алып келіп, елді Бурабайға келуге үйреттік. Сондықтан қазір көп жұмыс істейтін жағдай келді. Осыған байланысты менің берген тапсырмам бойынша мемлекет тарапынан 2023 жылға дейін 5 жылдық бағдарлама қабылданды. Соны орындаудың жолдарын қазір тыңдадым. Үкіметті де тыңдадым. Министрлік, әкім не істеп жатқанын көрдік. Бұл жұмысты біз бітіру керекпіз. Бір. Екінші. Қонақүйді саламыз, бәрін саламыз, бірақ соның ішінде жұмыс істейтін кім? Қызмет көрсету мәселесі әр уақытта ең негізгі болып саналады. Біз жастарды оқытуымыз керек. Мамандық беруіміз керек.

Осы категория бойынша: « Елбасы Ақмола облысындағы шаңғы базасының ашылуына қатысты Елбасы «Визит-Центр» орталығына барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы