374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі сот жүйесі жарты жылдың жұмысын қорытындылады

  • 247
  • UPD: 15:29, 13.07.2018

Сот жүйесі прокурорларды естімейді. Заңсыз үкімдер шығарылады. Жүздеген тағдыр тәлкек етіледі. Деректер осылай дейді.

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов судья, қорғаушы, прокурорларды бір жерге жинап, әрқайсысының пікірін тыңдады. Таяқтың ұшы бәріне тиді. Сот жүйесінің жарты жылдық жұмысы қортындыланған отырыс.

Судья, қорғаушы мен прокурор әдетте сот залында ғана кездеседі. Бұл үштіктің пікірлерінің тоғыспауы заңдылық.  Бүгін де солай болды. Алайда бұл сот залы емес, жарты жылдық жұмысты қортындылайтын отырыс. Бәрінің айтары бар. Судьялар жұмысымыз бастан асады десе, прокурорлар сот бізді естімейді дейді, ал қорғаушылар судьяның түсінік-пайымы өзгермейінше жүйенің жұмысы алға баспайтынын алға тартты.

Әнуар Түгел, республикалық адвокаттар алқасының төрағасы:

- Судья заңға бағынса, басшысына бармаса, басшысынан сұрамаса қандай шешімді шығарамын деп, сонда біздің сот жүйеміз болады.

Адамнан ба, санадан ба, әйтеуір жарты жылды сотталып кеткен 12 адам қайта ақталып шыққан. Прокурорлардың кассациялық шағымы нәтижесінде 700 үкім түзетіліпті. «Халық әділеттілікті жылдап күтеді» дейді прокурорлар.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Біз арнайы заңдылық атты жүйені іске қостық. Бұл жоғарғы сотпен бірге жасалған жоба. Жүйеге сот үкімі еңгізіледі және осы жүйе бұл үкімнің қаншалықты заңды екенін, ондағы қателіктерді шығарып береді. Алайда біз әлі де кассациялық наразылық беруге мәжбүрміз. Шығарлыған үкімдердің 70 пайызы түзетіледі.

Жоғарғы сот төрағасының айтуынша, жұмыс сапасына, жұмыстың көптігі әсер етеді. Кейбір мемлекеттік органдардың міндетті сотқа жүктелгеннен бері судьялардың жұмысы екі есе артқан.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы Сот төрағасы:

- Бес жылда жұмыс көлемі екі есе артқан. Бұған дейін судьялар 1 млн 400 мың іс қараса, енді 2 млн 700 мың іс қарайды. Бұл жақсы емес. Қалай біз осыдан кейін сапа талап етеміз. Алматы мен Астана қалаларындағы судьялар бір жұмыс күні 15-20 шешім шығарамыз деп жыларман болады. Биыл бұл көрсеткіш тағы 30 пайызға артқан.

Таңертең басталған кеңес әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан тараптар нендей байламға келгенін, сот жүйесінің жұмысын реттеу үшін қандай шаралар қолға алынатыны жөніңде жаңалықтарымыздың алдағы санында хабарлайтын боламыз.

Авторлары: Мәншүк Мақсұтқызы, Аят Дүйсенбаев

Осы категория бойынша: « Елімізде келісімшартпен жұмыс істейтіндер де зейнетақы жарнасын төлейді Үкімет басшысы Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы