365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет басшысы Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен болды

  • 262
  • UPD: 20:16, 13.07.2018

Елбасы тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен болды.

Үкімет басшысы облыс орталығы мен бірқатар ауданды аралап, өңірде Президенттің Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері жолдауы мен Бес әлеуметтік бастамасында айтылған тапсырмалардың жүзеге асу қарқынымен танысты.

Ақтөбеде Үкімет басшысы облыстың активімен және бизнес өкілдерімен жүздесіп, жобалық басқаруды іске асыру және экономиканың одан әрі дамыту жолдарын сөз етті. Бұл орайда өңірдің әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысын негізгі 8 және қосымша 4 бағытты жобалық басқару жүйелері туралы баяндады. Жобалық басқару аясында қолға алынған шаралар нәтижесінде өңір экономикасының өсімі 5,5 пайызды құраған.

Үкімет басшысы жұмыс сапары барысында Мұғалжар ауданындағы «Жаңажол» мұнай-газ өңдеу кешені жұмысымен танысты. Бейнеу-Базой-Шымкент құбыры арқылы оңтүстік аймаққа жеткізілетін көгілдір отын дәл осы жерде шығарылады. Елбасының бес әлеуметтік бастамасында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруға бірден-бір мұрындық болушы мекеме. Сондай-ақ «Қожасай» кен орнындағы газ дайындау кешені мен Мұғалжар ауданындағы тау-кен байыту комбинаты құрылысы да таныстырылды.

Облыс орталығында Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарымен танысты. Ал энергия тиімділігі орталығында Премьер-Министрге «Цифрлы Қазақстан» мемелекеттік бағдарламасының жүзеге асу қарқыны таныстырылды. Үкімет басшысы мұнай жабдықтары зауытында да болып қайтты. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойында орналасқан шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмысымен танысты. Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асу қарқынына да баға берді. Өңірде бұл бағдарлама аясында құны 76 миллиард теңге болатын 15 жоба қолға алынған. Ел Премьері мемлекеттік және жекеменшік әріптестігі аясында салынған бірқатар әлеуметтік нысанда болып қайтты.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Осы категория бойынша: « Еліміздегі сот жүйесі жарты жылдың жұмысын қорытындылады «Біржан-Сара» операсы Бурабайда ашық аспан астында сахналанады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы