364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Біржан-Сара» операсы Бурабайда ашық аспан астында сахналанады

  • 633
  • UPD: 21:26, 14.07.2018

Бурабай баурайында «Біржан-Сара» операсы сахналанады. КСРО Халық әртісі Мұқан Төлебаевтың төл туындысы ашық аспан астында қойылмақ.

Бұл шара елорданың 20 жылдық мерейтойына арналып отыр. «Астана Опера» театры мәні мен маңызы зор спектакльдерді ашық аспан астында қоюды әдетке айналдырған сыңайлы. 

Жасын Біркенов, тілші:

- Бұл «Астана Опера» әртістері ашық аспан астында сахналап отырған кезекті қойылым. Бұған дейін Астана аспанын «Қыз Жібек», «Дон Кихот», «Аида» секілді опералар әдемі ән мен күйге, көріністерге бөледі. Даласыз Ұлы дала баласының шабыты қайдан шарықтасын. «Біржан-Сараның» Көкшенің кереметі Бурабайдағы Абылайхан алаңында сахналануының негізгі себебі осы болмаса да, сол себептің бірі десек, артық айтпаймыз. Тарихқа үңілейікші. Қазақтың бай музыкасы, ұлттық салт-дәстүрі һәм тұрмысы, ең бастысы, ғашықтар жыры шебер бейнеленген опера драматургиясы алғаш рет 1949 жылы қойылды. Ол кезде бұл қойылым үшін шығармашылық ұжым Мұқан Төлебаевпен бірге Мемлекеттік сыйлыққа ие болған. Арада 70 жыл өтсе де бұл туынды қалдыратын ойлар осы күні де өзектілігін жоғалтқан емес.

Осы категория бойынша: « Үкімет басшысы Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен болды Елбасы Бурабайдағы «Біржан-Сара» операсының қойылымын тамашалады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы