374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы З.Шәріпованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 272
  • UPD: 23:21, 14.07.2018

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі, театр және кино өнерінің майталманы Зәмзәгүл Шәріпованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы ұлттық драматургия саласындағы талантты актерлер шоғырының белді өкілдерінің бірі болатын. Оның кинода және театр сахнасында сомдаған айшықты рольдерін өнерсүйер қауым әрдайым қызыға тамашалады. Ол ешкімге ұқсамайтын қайталанбас қолтаңбасы арқылы өз саласында айрықша із қалдырды. Зәмзәгүл Шәріпованың қазақ өнеріндегі ерекше орны мен жарқын дидары ешқашан ұмытылмайды деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Осы категория бойынша: « Елбасы Бурабайдағы «Біржан-Сара» операсының қойылымын тамашалады Франция құрамасы – футболдан екі дүркін әлем чемпионы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы