371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Президенті Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

  • 310
  • UPD: 17:24, 19.07.2018

Елімізде коммуналдық қызметтердің бағасы өсті. Медициналық қызмет көрсету деңгейі де төмен. Оқу бағасы қымбат әрі білімнің сапасы сын көтермейді.

Бүгін Елбасы Премьер-Министрді қабылдап, осындай кемшіліктерді баса айтты. Президент: «еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жақсарғанына қарамастан, мемлекеттік бағдарламалар тұрғындарды толық қамтымай отыр», – деді. Бұл шаралар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бірақ оған жауапты жергілікті атқарушы органдар мен министрліктер бекітілген жобаларды толық іске асыруға асығар емес. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевқа мемлекеттік және салалық бағдарламалардың сапалы орындалуын мұқият бақылауды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығын аяқтадық. Көрсеткіштер белгілі. Өсу бар. Облыстарды аралап жүрмін, жалпы әл-ауқаты, халықтың көңіл-күйі жаман емес. Дегенмен істеп жатқан шаруаларымыз бен мен бікіткен бағдарламалар жергілікті жерлерге жетпейді. Барлық бағдарламалар бар. Индустриялық бар, инфрақұрылымдық бар, әлеуметтік жағынан бағдарламалар бар. Бірақ соның бәрін келген кезде жергіліктікті атқарушы органдар, министрліктер аяғына дейін жеткізбейді. Қағаз жүзінде бізге есеп берген кезде бәрі бар, халық «неге Президенттің айтқан тапсырмалары жетпейді, коммуналдық қызметтің бағасы өсіп бара жатыр» деп айтады. Медициналық қызмет көрсету сапасы төмен. ЖОО-лардағы мұғалімдердің деңгейі төмен, балалардың білімі төмен. Президенттің бағдарламалары қабылданады, елге бірақ жетпейді. «Сондықтан жергілікті атқарушы органдар, министрліктердің жұмыс істеп отырғанына қаттырақ сұрамайсыз, неге олар жұмыс істемейді?» деп маған хат жазады. Оны тексеруге менің қолымда барлық мүмкіншіліктер бар. Мен қарадым сұрап.

Нұрсұлтан Назарбаев «Бес әлеуметтік бастаманы» және инфрақұрылымдық даму бағдарламасын сапалы іске асырудың маңыздылығын да атап өтті. Бұл ретте өңірлерде жол салу мәселесіне назар аударып, шағын және орта бизнестің экономикадаға рөлін арттыру қажеттігіне мән берді. Кездесуде кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру жайы да сөз болды. Үкіметтің биыл бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Стоимость коммунальных услуг выросла в последнее время, медицинское обслуживание ухудшилось, обучение детей стало дорогое. Примерно такие вопросы ставятся в обществе. Біздің жасап жатқанымыз мынау, для малого и среднего бизнеса в последними законами мы все сделали. Все равно объем малого и среднего бизнеса не растет. Понимаешь? Аморфно работаем. Аморфно. Везде, всюду. Поэтому сейчас стоит вопрос все это пересмотреть. Говорили на счет верховенства закона. Сколько приняли закон, что сделали. Государственной службы порядок изменили, подбор изменили. Отношение госслужащих к людям, простому человеку не меняется. Поэтому нам надо вместе думать, почему не делается. Все есть. Сейчас если по жилищному строительству по пяти социальным инициативам так же пойдет, то это совсем плохо будет. Мы строим дороги республиканского значения, а если между районами дорог нет, то человек это не чувствует. Я уже давал задание министру. Кое-что, что может подождать, отложите эти деньги, то, чтобы внутри поселков, внутри районов дороги появились. Там люди ездят, там люди перевозки делают. Низкое качество образования в вузах, поэтому дети предпочитают соседние российские вузы или другие вузы. Не все имеют возможность это делать. У нас целый клубок вопросов накапливается, именно с точки зрения исполнения принятых решений, контроль за их исполнением со стороны Правительства. Осы мәселелерді қарауымыз керек жақсылап.

Осы категория бойынша: « Н.Назарбаев: Ғарышқа жетудің ең қысқа жолы – Байқоңыр айлағы Денис Тен қайтыс болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы