365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грант санының ұлғаюы СҚО түлектерінің Ресейге кетуін азайтуға мүмкіндік береді

  • 297
  • UPD: 09:38, 25.07.2018

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы солтүстікқазақстандық жастарды жігерлендіре түсті.

Мәселен, өңірдегі бірден бір жалғыз жоғары оқу ордасына биыл 865 білім гранты бөлініп отыр. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда 2 жарым есеге көп. Қазір Петропавлдағы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білім гранттарын бөлетін байқау комиссиясы жастардың өтінішін қабылдап жатыр. Ал құжат тапсырып жатқан талапкерлердің санында шек жоқ. Жалпы айта кету қажет, соңғы жылдары солтүстікқазақстандық жастардың басым бөлігі Ресейдің Омбы, Қорған, Түмен облыстарына оқуға баратын. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында биыл оқу ордасынан қосымша тағы бірнеше мамандық ашылады.

Ербол Исақаев, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры:

- Биыл біз министрлікке 29 мамандық ашамыз деп өтініш берген едік. Оның 16-ы мақұлданды. Енді медицинаға, аграрлы салаға  қажетті мамандық иелерін  дайындайтын боламыз. Биыл біздің университетке «Серпін-2050» бағдарламасымен 500, педагогика бағытына 300 және облыстық бюджеттен 65 грант бөлініп отыр.

Осы категория бойынша: « Денис Тенге кімнің пышақ салғаны белгілі болды Елімізде жедел даярлық курстарынан өткен мамандардың жартысы ғана жұмыс тапқан »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы