374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстандағы табиғи апаттан зардап шеккендерге елімізден тікұшақ жіберілді

  • 385
  • UPD: 11:08, 31.07.2018

Бішкек маңында болған табиғи апат кезінде  жапа шеккен саяхатшыларға республикалық оперативтік-құтқару бөлімінің мамандары тиелген «Қазавиақұтқарудың» тікұшағы жөнелтілді.

9 адамнан тұратын құтқарушылардың қатарында 2 кинологиялық топ бар.

Еске сала кетейік, таяуда Бішкек қаласынан 40 шақырымдай жерде Скрябин мұздығы ауданында бір топ саяхатшылар таудан құлаған тастың астында қалып қойды. Салдарынан 4 қазақстандық азамат жарақат алып, тағы бір адам қаза тапты.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында жараланған сарбаз палатаға ауыстырылды Қырғызстанда тас көшкінінен зардап шеккен отандастарымыз құтқарылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы