374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанда зардап шеккен қазақстандық туристер елге жеткізілді

  • 224
  • UPD: 19:45, 31.07.2018

Қырғызстан тауында зардап шеккен 6 турист пен отандасымыздың мәйіті тікұшақпен Алматыға жеткізілді.

Марқұмның денесі қалалық Ішкі істер департаментіне тергеу жұмыстарын жүргізу үшін тапсырылды. Ал алтаудың үшеуі қазақстандық, үшеуі ресейлік.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Бішкек қаласынан 40 шақырымдай жерде Скрябин мұздығы ауданында бір топ саяхатшылар таудан құлаған тастардың астында қалып қойған еді. Салдарынан 3 қазақстандық азамат жарақат алып біреуі опат болды. Қаза тапқан 42 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ол Ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Жазатайым оқиға таудағы тастардың құлауынан болған. Алдын ала болжам, яғни сақтандыру компаниясының мәліметі бойынша, сол кезде ауа температурасындағы ауытқушылықтан оқыс оқиға туындаған болуы мүмкін. Сондай-ақ тақауда Қырғызстанда жер сілкінген. Мұның да әсері зерттелуі керек.

Осы категория бойынша: « Н.Назарбаев: Билік дегеніміз – бұл жауапкершілік Ұлттық банк ипотекалық қарыз бойынша банктерге комиссия алуға тыйым салды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы