369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы ҚР Бас прокуроры Қ.Қожамжаровты қабылдады

  • 328
  • UPD: 23:18, 09.08.2018

Елімізде жалпы қылмыстық істер өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға кеміп, сотталғандар саны 35 пайызға азайған. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровты қабылдауы барысында белгілі болды.

Кездесуде Президент еліміздегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрі іске асырылғанын тілге тиек етті.  Соның ішінде бизнесті негізсіз тексерістерден қорғау туралы мәселе де қамтылды. «Енді тек оларды сапалы орындау қажет», – деп атап өтті Елбасы. Ал ведомство басшысы болса Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі және бұған дейін жүктелген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бас прокуратураға барлық жағынан жоғары дәрежедегі бақылау шарасы беріледі. Заңның әділетті болуы үшін бірнеше шара қолданылды. Бүгінде еліміздегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрі іске асырылды. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары мен сот жүйесі реформаланды, тиісті заңдар қабылданды, соның ішінде бизнесті негізсіз тексерістерден қорғау туралы мәселе де қамтылды. Соларды тек сапалы орындау қажет.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Бас прокуроры:

- Сіздің тапсырмаңыз бойынша 7 айда біраз жұмыс атқарылды. Соны сізге баяндауға келдім. Прокуратура органдары тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін жүйелі шаралар қабылдануда. Биылғы алты айдың ішінде еңбек құқықтарының сақталуы, жер қатынастары, тарифтік заңнама салаларына тексеру жүргізілді, нәтижесінде үш миллионнан аса азаматтың құқықтары қорғалып, қайта қалпына келтірілді. Тарифтер бойынша бір жарым миллион адамға асыра төлеген ақшаларын қайтару шараларын қолданып жатырмыз.

Бас прокурор азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғау үшін тиісті шаралар атқарылып жатқанын жеткізіп, нақты мысалдар да келтірді.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Бас прокуроры:

- Қылмыстық процесті жаңғырту бойынша жұмысты жалғыстырып жатырмыз. Былтырғыға қарағанда қылмыстың жалпы деңгейі елімізде 10 пайызға төмендеді. Адамдардың қамалуы 30 пайызға азайды. Биыл 12 мың адамға үкім шығарылды. Соның 4 мыңы ғана бас бостандығынан айырылды. Гуманизация жайлы заңға қол қойдыңыз. Ол өз күшіне енді. Сол бойынша осы аптада 230 адам жеңілдік алды.

Осы категория бойынша: « Ақтау саммитіне дайындық қызу жүріп жатыр Ақтаудағы Каспий саммитінде бірқатар құжатқа қол қою жоспарлануда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы