374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Ақтаудағы жағалауды аралады

  • 223
  • UPD: 14:03, 11.08.2018

Портты қала Ақтау Каспий маңы мемлекеттерінің саммиті қарсаңында ерекше кейіпке енді. Шаһарда жаңадан пайдалануға берілген нысандардың бірі - жаңа жағалау.

Аумақта бұрын-соңды мұндай инфрақұрылым болмаған. Оның бойына 48 мың шаршы метр кеспе тас төселген. Мемлекет басшысы облысқа сапары барысында осы нысанды да арнайы аралады. Жаңадан бой көтерген амфитеатрды тамашалап, өнерпаздармен емен-жарқын әңгімелесті. Ашық аспан астындағы сахнада бір мезетте 1000 әртіс өнер көрсете алады. Оның сәулеттік үлгісі жергілікті жұрт үшін зор маңызға ие. Мәселен, амфитеатрдың қасбетінде ежелгі аңыз кейіпкері - су жылқысы суынның мүсіні орнатылған.

Сондай-ақ Президент құрылысшылармен кездесіп, олардың еселі еңбегін жоғары бағалады.

Осы категория бойынша: « Елбасы Маңғыстау облысында жүзеге асырылатын бірқатар жобамен танысты Елбасы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолды ашуға рұқсат берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы