369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолды ашуға рұқсат берді

  • 290
  • UPD: 13:55, 11.08.2018

Құрық мультимодальді көлік торабы Транскаспий дәлізі бойынша сауда-саттықты арттыруға сеп болады. Сондай-ақ Орталық Азия елдеріне мұхитқа шығуға мүмкіндік береді.

Бүгін Маңғыстау облысының Құрық портында өткен телекөпірде көлік-логистикалық саладағы жаңа жобалар іске қосылды. Соның бірі – Қазақстан-Өзбекстан шекарасының «Тәжен»  бекеті маңындағы жаңадан пайдалануға берілген 37 шақырымдық жол. Енді Ақжігіт-Бейнеу учаскесі арқылы Орталық Азия елдерінен Еуропаға және кері қарай транзиттік жүктер тасымалданады.

Айта кетейік, құрылыс жұмысы әлі де жалғасып жатыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында екінші санатты жол салуға 341 бірлік техника мен 650 адам жұмылдырылған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің сұрауымен тездетіп салынып жатқан жол. Өзбекстан жүктерін Каспийге әкелу порттардың жұмысын жандандыруға сеп. Ризашылығымды білдіремін. Табысты болыңдар! Жіберейік портты.

Сонымен қатар бүгін Президент телекөпір барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағынан жүк вагондарын жөнелту рәсіміне куә болды. Тонналап тауар тиелген контейнерлер енді 3 күннен кейін Құрық портына жеткізіліп, паромдар арқылы Италияға жөнелтіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы давно работали, чтобы запустить Хоргос. Это двустороннее соглашение между РК и Китаем. Он будет крупным городом, большим узлом. Все наши соседи имеют возможность пользоваться этим портом. Даю команду запустить работу.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы Ақтаудағы жағалауды аралады Мемлекет басшысы «DP World» компаниясы басқармасының төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайеммен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы