365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттейтін құжаттың қабылдануы – тарихи оқиға

  • 404
  • UPD: 10:48, 13.08.2018

Ақтауда Каспий төңірегіндегі бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан және Түрікменстан президенттері бас қосты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі меймандарды шаһардағы «Достық үйінде» күтіп алды.

Қарт Каспийдің байлығы балығы мен мұнайы ғана емес. Елмен елді жақындастырып, сауда-саттық жасау үшін де алтын көпір. Сөйтіп достықтың бесігі болған бүгінгі Ақтау саммитінде су алабының құқықтық мәртебесін реттейтін бесжақты құжат қабылданды.

Ақтау саммиті басталмас бұрын Нұрсұлтан Назарбаев 4 елдің басшысын жеке-жеке қарсы алды. Ең алдымен жеткен Иран Ислам Республикасының Президентімен Елбасы екіжақты кездесу өткізді. Одан кейін Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан президенттері жетті.

Каспий теңізі – саяси-экономикалық мүдделер тоғысқан су алабы. Бірақ ширек ғасырға жуық уақыт болды, айдынға әлі құқықтық мәртебе берілген жоқ. Бір елге бүтіндей тиесілі болмағандықтан, шешімін таппай жүрген күрмеулі мәселелер де жетерлік.

Қарт Каспий құрлықта 5 елмен шектеседі: Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан және Түрікменстан. Әрқайсысы әлемдік қауымдастықта зор беделге ие мемлекеттер. Әрі экономикалық тұрғыдан орнықты. Сайып келгенде барлығы да осы теңіздің қызығын көріп отыр. Осы ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий бестігінің бір ымыраға келуіне кедергі болған мәселелерді атады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Перед нами стояла сложнейшая задача совместного решения с прикаспийскими государствами комплекса вопросов, связанных с Каспием. Не секрет, что некоторые эксперты критически оценивали перспективы данного процесса, сомневались, что мы можем договориться. Однако сегодня перед всем миром мы говорим, что в Актау в результате совместной работы нам удалось прийти к общему знаменателю и взаимопониманию. Нужно признать, что консенсус моря сложился нелегко и не сразу. Переговоры продолжались более 20 лет и потребовали немало совместных усилий сторон. При этом обсуждения столь сложной тематики проходили в духе добрососедства и партнерства.

Теңіз маңындағы 5 елді ғана емес, Еуропа мен Азияны жалғап жатқан айдынның құқықтық мәртебесін бекіту келешекте көптеген мәселелерді тиімді шешуі мүмкін. Бұл құжат арадағы келіспеушіліктерді байбаламсыз реттеуге негіз болады. Жалпы, су алабының қойнауында қараусыз жатқан қазына жоқ. Әр мемлекет өзіне тиесілі аумақты тиімді игеріп келеді. Алдағы уақытта да солай болып қала бермек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Нам необходимо в полной мере использовать возможности конвенции для усиления торгово-экономических отношений прибрежных государств. Несмотря на то в 2017 году товарооборот между нашими странами вырос на 12%, но в сравнении с предыдущим годом в 5-летнем разрезе в виду различных причин наблюдается значительное сокращение взаимной торговли. В подписываемом сегодня межправительственном соглашении о торгово-экономическом сотрудничестве заложен механизм пятисторонних встреч министров экономики наших стран.

Геологиялық зерттеулер бойынша, Каспийдің қойнауында барланған 68 миллиард баррель мұнай бар. Қара алтынның қомақты қорынан бөлек бағалы балық түрлері мол. Әлемдік нарықта ең көп сұранысқа ие бекіренің 90 проценті осы айдында тіршілік етеді. Ол аз десеңіз, Каспий – дүние жүзі бойынша қара уылдырықтың отаны. Сондықтан осыншама байлықты қармап қалудан бұрын қорғап қалу маңызды. Осы ретте Елбасы бесжақты құжатты бекітуді ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- С 2010 года в целях сохранения популяции осетровых действует мораторий на вылов, но количество задержаний нарушителей только растет. Увеличилось количество изъятых сетей. В это связи, в целях сохранения уникальной экологии моря, необходимо заключить пятисторонний документ, касающийся сотрудничества промыслов.

Уақыт өткен сайын Каспийдің көлік-транзиттік мүмкіндігі артып келеді. Кеше ғана толыққанды іске қосылған Құрық мультимодальді торабы Орталық Азия мен Қытайдан келетін тауарларды кәрі құрлыққа көптеп жөнелтуге тиімді жол ашты. Бүгіннен бастап осы саладағы әріптестік те қарқынды дамуы қажет.

Ильхам Әлиев, Әзербайжан Республикасының Президенті:

- Конвенция негізгі құжатқа айналады. Ол халықаралық құқық нормаларына сәйкес теңізді игеру тәртібін ретке келтіреді. Біздің ел Каспий арқылы әкелінген жүктерді Еуропаға жөнелту үшін ірі жобаларды іске асырды. Су алабында біздің 260 кемеміз бар.

Кеңес одағы тұсында Каспий тек Кеңес одағы мен Иран Ислам Республикасының иелегінде болды. Кейін 5 ел мемлекеттік шекарасын белгілеген соң, теңіз жағалауының ұзындығына қарай ортақ бөліске салды. Содан бері мемлекет басшыларының қатысуымен 4 саммит отырысы өтті. Нәтижесінде шешімін тапқан бірқатар мәселе болды. Соның бірі – Каспийге бестіктен тыс өзге елдердің қарулы күштерін кіргізбеу туралы мәміле.

Хасан Рухани, Иран Ислам Республикасының Президенті:

- Каспий теңізі оны жағалай қоныстанған елдерге тиесілі. Оған өзге елдердің көліктері, қарулы күштері кірмеуі керек. Конвенция шекараны белгілеу туралы құжаттарға кепілдік береді. Біздің жүк тасымалдау мүмкіндігіміз толық пайдаланылып отырған жоқ. Енді бұл күн тәртібіндегі ең маңызды мәселеге айналуы мүмкін. Оны шешсек, біз арқылы Парсы шығанағы мен Оман теңізіндегі порттарға жол ашылар еді. 

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі оны жағалай қоныстанған елдердің арасында алауыздық тудырған жоқ. Бес мемлекет кез келген түсініспеушілікті келіссөздер арқылы шешуге талпынды. Бұл жолғы құжат та талқы таразысына салынып, оған мемлекет басшылары бірауыздан қолдау көрсетті. Әр елдің өзіндік мақсат-мүддесі ескерілді.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Ресей өңірлік сауда-экономикалық байланысқа басымдық береді. Мұндағы тауар айналымы жыл сайын артып келеді. Біз цифрлық экономиканы дамытуды ұсынамыз. Бірлескен кооперацияны дамыту мол пайда әкеледі. Туризм саласын да өркендету маңызды міндет деп білемін.

Гурбаноглы Бердімұхамедов, Түрікменстан Республикасының Президенті:

- Алда әлі атқарылатын жұмыс көп деп ойлаймын. Мәселен, сыртқы істер министрліктері құжаттардың тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуын бақылауы керек.

Бесінші Ақтау саммиті халықаралық Каспий теңізі күнімен тұспа-тұс келді. Бұл дата 2008 жылдан бері аталып өтеді. Су алабының құқықтық мәртебесін реттейтін құжаттың қабылдануы – тарихи оқиға. Ол арадағы әріптестікті жан-жақты дамытуға жол ашады. Бұл ретте Президент теңіздің өзара ауызбіршілік пен алыс-берісті арттыруға сеп болатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я хочу поздравить всех нас с подписанием важнейшего документа для всех нас, прикаспийских государств. С началом конвенции и всех договоренностей, которых мы здесь достигли. Поздравляю! Конвенция является своего рода Конституцией Каспийского моря. Она призвана урегулировать весь комплекс вопросов, связанных с правами и обязательствами прибрежных государств, а также стать гарантом безопасности, стабильности и процветания в регионе.

Бес елдің көшбасшылары көптеген жылдар бойы шешімін таппай келген мәселеге нүкте қойды. Енді тарихи құжат бесжақты әріптестікке игі ықпал етуі тиіс. Саммит соңында президенттер ортақ суретке түсті.

Саммит барысында негізгі құжат конвенциядан бөлек 5 мемлекеттің арасында үкіметаралық келісімдер бекіді. Келісімдер Каспий теңізінде терроризмен күрес, қауіпсіздік және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. Яғни алда атқарылатын жұмыс ауқымды. Енді конвенция Каспий бестігінің заң шығару органдарында бекітілуі тиіс.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Айдос Меделбеков, Ержан Рахманбердиев, Антон Болтуршевич

Осы категория бойынша: « Н.Назарбаев: Конвенция «Каспий теңізінің конституциясы» болып саналады Н.Назарбаев пен И.Әлиев көлік-логистика саласындағы әріптестік мәселелерін талқылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы