365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Қ.Тоқаевты қабылдады

  • 268
  • UPD: 20:32, 15.08.2018

Парламент сенатының VI шақырылымы үшінші сессиясының негізгі қорытындылары мен алдағы сессияда қарастырылатын заң жобалары.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев заң шығарушы органда атқарылған жұмыстар мен жоспарлар жайын баяндады. Мемлекет басшысы алдағы сессияда ауқымды құжаттар мен халықаралық келісімдерді қабылдау көзделіп отырғанын айтты. Сондай-ақ Үкімет тарапынан әзірленген заң жобалары мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Ал Сенат төрағасы өткен сессияда Жоғары палатаның салық, кедендік реттеу, бюджеттік басқару және басқа да салаларға қатысты 84 заң қабылданғанын жеткізді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы таяуда Ақтауда өткен Каспий маңы мемлекеттері бесінші саммитінің нәтижелеріне тоқталды. Онда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі конвенцияға қол қойылған болатын. Енді бұл құжат 5 елдің Парламентінде бекітілуі тиіс.

Бес мемлекеттің басшылары 20 жыл бойы талқылаған Каспий теңізінің конвенциясына қол қойды. Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысын одан әрі дамытуға, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашып, қызмет көрсету және туризм салаларын ілгерілетуге септігін тигізетін бұл шешімнің зор маңызын бүкіл халықаралық сарапшылар атап көрсетуде.

Осы категория бойынша: « Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші кезеңі басталды Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы А.Есімовті қабылдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы