364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы А.Есімовті қабылдады

  • 265
  • UPD: 15:28, 16.08.2018

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Ахметжан Есімов жарты жылда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде мәлімет берді. Әсіресе трансформациялау үдерісі жалғасып жатқаны айтылды.

Ал жекешелендіру аясында 42 миллиард теңгенің 18 активі іске асқаны атап өтілді. «Бұл ретте жыл соңына дейін бірқатар компания ІРО-ға шығарылуы тиіс», – деді басқарма төрағасы. Сонымен қатар Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы сатып алу шараларын бәсекелестік ортаға берудің маңызына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қорда көп шаруалар істеліп жатыр. Трансформацияны бастадық. Ішіндегі мәселелерді реттеуді бастадық. Корпоративтік басқарудың жүйесі бар. Көп шаруалар істеліп жатқанын білемін. Қағаз жүзінде есеп бердіңіз. Сондықтан осының жағдайын білейін деп шақырып отырмын.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

- Бірінші жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштері жақсы. Соны өзіңізге баяндайын деп алып келдім. Өзіңіз жылдың басында қор стратегиясын бекітіп бергенсіз. Соған байланысты біраз шаралар атқарып жатырмыз. Олар оң нәтижесін беріп отыр. Стратегияда қойған мақсаттар. Трансформацияны тағы да қарап, бұл бағдарламаны біраз өзгерттік. 11-ден 7-ге түсіріп, пайдасын 9 миллиардқа жеткіздік. Сол бағдарлама бойынша жасалып жатқан жұмыстар. Бірінші жекешелендіру мәселесі бойынша 18 актив сатылды. 42 миллиард теңгеге. Ең үлкен жұмыс – 3 компанияны ІРО-ға шығаруымыз керек. Біріншісі – «Қазақтелеком». Қыркүйекте дайын болады. Қаржы орталығымен келісім бар. 10 пайызын Астанада ашылған қаржы орталығында, қалғанын басқа жерлерде жасаймыз. Бәрі келісілді. Бірігіп жұмыс жасап жатырмыз. Сол сияқты «Эйр Астана» мен «Қазақатомөндіріспен» роуд-шоулар өтіп жатыр. Олар қараша мен желтоқсан айларына қалып отыр. Сол сияқты осындай шаралар өткіздік. Сонымен қатар қазір құрылыс мәселесіне мән беріп отырмыз. Бір жағынан, оның қарқынын көтеріп отырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұрынғы кемшіліктерді түзеу үшін жасап жатырсыңдар ғой?

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

- Жасап жатырмыз. 10 миллиард теңге қазірдің өзінде үнемдеп отырмыз. Одан кейінгі мәселе, «Атамекенмен» бірігіп шағын және орта бизнеске үлкен жұмыс жасап жатырмыз. Бұрын тек қордың ішінде сатып алу жүйесі болса, 4500 позицияны 10 есеге төмендеттік. Соның арқасында 700 миллиард теңге бизнеске шығып отыр. Оның бізге пайдасы – 70 миллиард үнем жасап отырмыз. Біріншіден. Екіншіден, бизнес қатыса алады. Бұл деген – шағын бизнеске үлкен жұмыс. Бұрын бұл жұмыс тек қордың ішінде жүретін. Келесі мәселе цифрландыру бойынша, бұны да нақтылап, қазіргі заман талабына сай келтіріп отырмыз. ІТ-бағдарламамызды түгелдей өзгерттік деп айтуға болады. Соның өзінде биыл 85 млрд теңге ақша түсейін деп отыр.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Қ.Тоқаевты қабылдады Елбасы СҚО-ның диқандарымен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы