365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы СҚО-ның диқандарымен кездесті

  • 376
  • UPD: 13:40, 17.08.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Елбасы Тайынша ауданындағы егіс алқаптарын аралап, жергілікті диқандармен кездесуі өтіп жатыр.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Ильичевка ауылына келді. Елбасы аялдаған алғашқы нысан – «Тайынша» май зауыты. Цех жұмысымен етене танысты.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан өңірінің жері шағын болса да берекелі, бидайы көп. Аграрлы аймақ соңғы жылдары дәнді-дақылдардан бөлек майлы дақылдарды өсіруге ерекше ден қойып отыр. Өндіріс орны майлы дақылдарды өңдеп, экологиялық өнімді экспортқа шығарады. Зауыт өзіне қажетті шикізатты жергілікті шаруалардан сатып алады. Кәсіпорын осы жылы 100-150 мың тонна шикізат өңдеуді жоспарлап отыр. Жұмыс сапары барысында Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша есеп береді. Елбасы Тайынша ауданындағы егіс алқаптарын аралап, механизаторлар және жергілікті диқандармен кездеспек. Солтүстік өңірде ауыл шаруашылығын әртараптандыру бойынша кеңес өткізеді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Тайынша ауданы Ильчевка ауылында салынған жаңа үйлерді аралап көрмек. Су жаңа баспаналардың иелері - оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған тұрғындар. Осы жылы Ильичевка ауылына оңтүстіктен 14 отбасы көшіп келген. Елімізде жұмыс күші тапшы өңірлерді қажетті мамандармен қамтамасыз ету үшін қолға алынғаны белгілі. Қоныс аударушыларға әлеуметтік көмек беріледі.

Авторы: Әсем Қабылбек

Осы категория бойынша: « Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы А.Есімовті қабылдады Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы