369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 5 мың педагог жетіспейді

  • 327
  • UPD: 14:10, 22.08.2018

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Биыл 3, 6, 8-сынып оқушылары жаңартылған мазмұнға көшеді. Жаңа типтік оқу бағдарламалары мен жоспарлар бекітілді.

Елімізде 110 мектеп салынып жатыр, оның 72-сі биыл пайдалануға берілуі тиіс. 323 мектепте күрделі жөндеу жүргізілуде. Осы мақсатта қазынадан 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. Ал 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің 99%-ы балабақшамен қамтылған. Жаңа тәрбие ошақтарын ашуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің рөлі орасан. Айтпақшы, елімізде кәсіптік-техникалық білім алуға ниетті студенттер қатары 64%-ға артқан.

«Ал жоғары оқу орындары енді жұмыс беруші ұйымдармен бірлесе отырып оқу бағдарламасын әзірлейді. Бұл арқылы түлектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету көзделген, - деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Осы категория бойынша: « Исекешев: 2019 жылы Астанада су ағызып шығару екі есеге күшейтіледі Елбасы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы