365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы «Ембімұнайгаз» және «Жігермұнайсервис» кәсіпорындарын аралады

  • 598
  • UPD: 17:39, 23.08.2018

Елбасы «Ембімұнайгаз» компаниясының кеңсесіне аялдап, кен алаңын цифрлық технологиямен басқару жүйесінің қарым-қабілетін бағамдады. Мұнай өндіруші кәсіпорын өкілдері алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Елбасы ат басын тіреген тағы бір нысан – мұнай-газ өндірісі саласына сервистік қызмет көрсететін «Жігермұнайсервис» серіктестігі. Мұнда қара алтын өндірісіне қажетті барлық қондырғылар жасалады. Атап айтқанда, мұнай бұрғыларының қашауы шығарылады. Ерекшелігі сол, мұнда өндіріс автоматты жүйеге негізделген. Яғни, робот техникалары жұмыстың басым бөлігін жасайды.

Айта кеткен жөн, компания былтыр мұнай бұрғылау кешенін толықтай іске қосты. Президент кәсіпорын жұмысын жоғары бағалап, еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайымен танысты.

Осы категория бойынша: « Елбасының Атырау қаласына жұмыс сапары басталды Елбасы: «Назарбаев» университетін қазақтың элитасын тәрбиелесін деп жасадым »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы