374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғ.Байжановты қабылдады

  • 318
  • UPD: 15:09, 27.08.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады.

Кездесу барысында Елбасына биылғы 6 айда атқарылған жұмыстар мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынастарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ лаңкестік қауіп өршіген аймақтан оралатындарды ұдайы бақылауда ұстауды міндеттеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Шет елдердің арнаулы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет. Террорлық идеяларды ұстанатындарды, соның ішінде Сириядан оралатындарды ұдайы бақылауда ұстау керек. Бұл сіздер атқаратын жұмыстың негізгі бағыты саналады.

Осы категория бойынша: « ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысы: қандай мәселелер талқыланды Елбасы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы