365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы ҚР Конституциясы күніне арналған халықаралық конференция қатысушыларын қабылдады

  • 283
  • UPD: 19:33, 29.08.2018

Елбасы Конституция күні қарсаңында атаулы күнге орайластырылған халықаралық конференция қатысушыларымен кездесті.

Президент шетелдік белді сарапшылардың басын қосқан бұл шара, құқықтық мемлекет қалыптастыруда ілім-білім алмасуға зор мүмкіндік бергенін атап өтті. Ел тәуелсіздігін алған сәттен бастап Қазақстандағы конституционализмді дамыту тарихымен де бөлісті. Бұл ретте Еуропа, Америка мен Азияның 20 мемлекетінің ата заңын зерттеп, сүзгіден өткізгеніне назар аударды. Нәтижесінде 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда ел Конституциясы қабылданды. Бұл құжат бүгінде біздің өмірімізге арқау болып, мемлекетімізді қалыптастырып, тәуелсіздігімізді нығайтып отырған негізгі заңға айналды. Конституциямыз уақыт талабына сай үнемі реформаланып, жетілдіріліп келеді. Осыған мән берген Президент былтыр өзінің бірқатар өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке қайта бөлу жөніндегі конституциялық реформаға бастамашы болғанын атап өтті.

Елбасы еліміздің жетістіктері халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалғанына да мән берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

- Я хочу поблагодарить вас, что вы приехали и принимаете участие в праздновании Дня Конституции. Мы постепенно шли, и эта Конституция принята всенародным голосованием в 1995 году, за которую проголосовали 97% избирателей. Она стала Основным Законом, по которому мы сегодня живем, строили наше государство, нашу независимость. Несколько раз мы заходили в Конституцию, чтобы поменять. Нам приходилось идти шаг за шагом. Я думаю, что те постсоветские республики, которые придерживались такой политики, они не сорвались, двигались. Успехи Казахстана безусловны и признаны мировым сообществом.

«Біз ширек ғасыр ішінде экономикамызды 22 есе өсіріп, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарттық. Жұртшылық өздерінің діни салтын еркін ұстанып, өз ана тілінде сөйлей алатын, сондай-ақ мәдениетін сақтайтын көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет құрдық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мурад Меделчи, Алжир Халық Демократиялық Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы:

– Аса қадірменді Президент мырза! Конституция күнін мерекелеу азаматтардың, соның ішінде жастардың арасында конституциялық құндылықтарды дәріптеп, таратуға бағытталған. Сондай-ақ қоғамдық үйлесімділікті, тыныштық пен тұрақтылықты жүзеге асыру жолындағы ұмтылыстың бағыты дұрыс екенін көрсетеді. Былтыр сіз осы құжатқа өзгерістер енгізуге бастамашыл еттіңіз. Нәтижесінде сіздердің конституциялық кеңестеріңіз ерекше мәртебеге ие болды. Бұл – сіздің құқықтық мемлекетті қамтамасыз етуде Ата заңның рөлін нығайтып, бостандық пен құқықты қорғау мәселесін жете қадағалайтындығыңыздың дәлелі.

Борис Велчев Болгария Конституциялық сотының төрағасы:

– Қазақстан Президенті конституцияны одан әрі жетілдіріп, ең жоғарғы демократиялық стандарттарға сай болғанын қалайды. Бұл өте маңызды. Меніңше, оған қол жеткізуге әбден болады. Қазірдің өзінде сіздердің Ата заңдарыңыз демократиялық конституцияның жарқын үлгісі болып саналады.

Осы категория бойынша: « 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Лассина Зербомен кездесу өткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы