367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Астанада «Бейбітшілік қабырғасы» монументін ашты

  • 467
  • UPD: 20:50, 29.08.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордада «Бейбітшілік қабырғасы» монументін ашты.

Сәулеттік нысан – Ақтөбе облысының Астананың 20 жылдығына тартуы. Ерекше үлгідегі ескерткіштің дәл бүгін ашылуы бекер емес.

Астананың 20 жылдығына арналған ескерткіштің сәулеттік үлгісі алыстан мен мұндалайды. Әсіресе, құс ұшар биіктіктен елорда көркіне көрік қосқан айрықша нысан екенін байқауға болады. Оны тұрғызуға Ақтөбе облысы 3 айға жуық уақыт жұмсады. Нәтижесінде қазақ елі әуелден ұстанатын бейбітшілік ұғымы айшықталып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. 21 ғасыр» манифесіндегі бастамалары көрініс тапты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Еліміздің тарихындағы елеулі күн. 29 тамызда 1991 жылы дүние жүзінде алапат ядролық сынау полигоны менің Жарлығыммен жабылған болатын. 1949 жылдан бастап Кеңес одағы кезінде 465 атом қаруын жарып, халқымызға зардап шектірген зұлматты тоқтаттық. Біздің істеген шаруамызды дүние жүзі бағалап, бүгінгі күнді БҰҰ-ның алдында Дүниежүзілік халықтарының атом қаруына қарсы іс шарасы күні деп қабылдады. Сондықтан біз үшін мереке. Бұл Қазақстанға Дүниежүзілік қауымдастығының берген бағасы деп санау керек. Екіншіден, ертең Конституциямыздың күні бірге келіп отыр.

Семей ядролық полигонындағы соңғы жарылыс 1989 жылы 19 қазанда болды. Онда толассыз жүргізілген сынақтар 500 мыңдай адамның өміріне зор зиянын тигізді. Тек еліміз тәуелсіздік алып, еңсе тіктеген кезеңде сол зобалаңға соңғы нүкте қойып, ядролық арсеналдан түбегейлі бас тартуға мүмкіндік туды. «Себебі оның салдары келешек ұрпаққа әсер етпеуі тиіс», – деген Елбасы. Сол арқылы Мемлекет басшысы Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойып, сынақтарға қарсы күрестің жарқын үлгісін көрсеткен болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Все человечество, все народы, все правительства должны быть заинтересованы, чтобы уничтожить на земле атомное оружие, которое угрожает человечеству. Казахстан является лидером этого движения, нас таковыми признают. Сегодняшний день принят ООН как день действий против ядерного оружия. В этот день мы открываем еще один знаковый объект. Этот монумент, который будут смотреть все кто приезжает сюда. «Мир» на всех языках будет говориться. Здесь описывается наша борьба с ядерным оружием. Казахстан не только закрыл полигон, но и отказался от ядерного оружия. Мы вызываем доверие у человечества.

Елбасы нысанның ашылу рәсімінде Ақтөбе облысының айрықша тартуын жоғары бағалады. Сондай-ақ оның Тәуелсіздік алаңының көрнекті тұсына, «Қазақ елі» монументіне жақын жерде салынғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ақтөбеліктердің Астананың 20 жылдығына жасаған сыйлығы. Біз дүние жүзіне жар саламыз, «ядролық қаруға қарсы күресеміз» деген. Келер ұрпаққа ұмытпаңдар деген үлгі қалдырамыз.

Сәулетшілерінің айтуынша, бейбітшілік қабырғасы жапырақ тәріздес шатырды бейнелейді. Яғни дәстүрлі түрік құрылтайының өнегесімен ұлттардың ұйысып, бір шаңырақ астына бірігуін білдіреді. Монумент екі бөліктен тұрады. Біріншісі ядролық қаруға қарсы тосқауыл ретінде тұрғызылса, екіншісі еркіндік белгісін береді.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

– Мұндағы мақсатымыз – осы «Бейбітшілік қабырғасы» монументі арқылы Қазақстанның, Елбасының дүние жүзінде бейбітшілікті сақтаудағы жүргізіп жатқан саясатын көрсету. 

Нысанның жалпы ұзындығы – 111, ал биіктігі – 17 жарым метр. Жобаға Ақтөбе облысы аумағында жұмыс істейтін инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсеткен. Жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы – 1 миллиард 800 миллион теңге.

Юрий Смирнов, сәулетші:

– Монументке қажетті құрылыс материалдары әлемнің әр түрлі мемлекетінен әкелінді. Мұндағы мақсат – бейбітшілік қабырғасына дүние жүзі тарапынан қызығушылық аудару болды. Құрылыстың өзіне де әр түрлі ұлт өкілдері жұмылдырылды.

«Бейбітшілік қабырғасын» енді елорданың жаңа арт нысаны деп те атауға болады. Себебі ол саяси, мәдени-бұқаралық шаралар, лазерлік шоулар және концерттік кештер өтетін бірден-бір орынға айналмақ.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Осы категория бойынша: « Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Лассина Зербомен кездесу өткізді Елбасы Томотерапия және ядролық медицина орталығына барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы