365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашты

  • 1075
  • UPD: 19:53, 01.09.2018

Жаңадан құрылған Түркістан облысы мен Шымкент қаласын дамыту, еліміздегі тұрғын үй мен халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту, шағын және орта бизнесті ширатып, туризмді өркендету. Бүгін Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысына қатысып, төртінші сессияны ашқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға осындай міндеттер жүктеді.

Жалпы Президент жиын саны 7 мәселеге тоқталып, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы – депутаттар үшін ғана емес, биліктің барлық сатысы үшін маңызды жиын. Себебі бұл – ел үшін білек сыбана іске кірісер уақыт. Жаңа сессияға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, конституциялық құқығына сай оны ашық деп жариялады. Елбасы бес әлеуметтік бастама аясындағы нақты мысалдарға тоқталып, алда атқарылар істерді айқындады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы несиелер беріле бастады. Қосымша 20 мың білім гранты берілді. 70 мың орындық жатақхана құрылысына дайындық аяқталды, кей өңірлерде басталды. Жаңа жылдан бастап жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы 10 есеге азаяды. Жеке іс бастауға берілетін несиелер көлемі 62 млрд теңгеге көбейді. Сарыарқа газ құбыры құрылысына дайындық жұмыстары аяқталып қалды.

Депутаттар өткен сессияда бес әлеуметтік бастаманың құқықтық негізін қалыптастырып, жалпы саны 87 заң қабылдады. Үкіметпен бірлесіп инвестиция тарту, инфляцияны төмендету және жалпы ішкі өнімді арттыруға атсалысты. Нәтижесінде елдің әлеуметтік ахуалы әлденді.

– Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Рост ВВП составляет 4 процента, уровень инфляции снизился до 5,9 процента, объем инвестиций вырос на 24 процента. Движущей силой экономического роста стали несырьевые сектора – обрабатывающая промышленность, транспорт и сфера услуг.

Жеткен жетістіктер мен толайым табыстар аз емес. Алайда әл-ауқатты арттыруға арналған заң жобалары көптеп қабылдануы қажет. Мұны мемлекет басшысы бірлескен отырыс кезінде тағы еске салды. Бірінші мәселе – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды медициналық сақтандыру мен зейнетақы жүйесін қосу. Бұл ретте, елімізде салықтың жаңа түрі енгізілмек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Для упрощения регистрации самозанятого населения предлагается ввести единый совокупный платеж. Его уплата позволит самозанятым участвовать в системах медицинского, социального страхования, а также пенсионного обеспечения. Требуется принятие этих изменений до конца текущего года.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы түйткілдер де назардан тыс қалмайды. Елбасы бұл саладағы күрмеулі мәселелердің көп екенін атап өтті. Мәселен, тұрғындар тарапынан қызмет көрсететін компанияларға наразылық ұлғайған. Сондай-ақ үлескерлік негізде баспана тұрғызған серіктестіктер өз міндеттемесін толық орындамайды. Яғни сала жұмысын реттейтін жаңа жүйе қажет. Ал табиғи монополиялық мекемелер инфрақұрылым сапасын жақсартып, қызмет көрсету деңгейін арттыруы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Требуется обеспечить прозрачность взаимодействия между обслуживающими компаниями, собственниками жилья контроль за расходованиями их средств, ответственности естественных монополистов. Нужно выстроить понятную, эффективную систему управления общедомовым хозяйствам. По моему поручению Правительством разработан соответствующий законопроект, который будет внесен в Парламент в этом году.

Бақыткүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бүгінгі күні Мәжілісте ТКШ жөнінде заң жобалары бар. Ол дегеніңіз, үйді сатып алудан бастап, төлемдер және кооперативтердің жұмысы әрі қарай жүйелендіру, әрі қарай сапалы пайдаланылуы аталмыш заң жобасында қарастырылады.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Сонымен қатар шалғай елді мекендерде тұрғын үй салуға байланысты мәселелер өте өзекті, осыларды жан-жақты талқылап, Үкіметпен қабылдауымыз қажет.

Шағын және орта бизнесті дамыту да – Мемлекет басшысы басымдық берген мәселе. Бұл саланың ел экономикасындағы үлесі 2050 жылға дейін 50 пайызға жетеді деген жоспар бар. Яғни халықтың тең жартысы кәсіпкерлікке бет бұруы тиіс. Жалпы туризмді дамытудың өзі бизнесті бекемдеуге негіз. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Для дальнейшего развития бизнес среды Правительством будет внесён новый пакет законодательных изменений. Большой импульс развитию предпринимательства может дать сфера туризма. Правительству поручено разработать Государственную программу развития туризма до 2023 года. Изменения в законодательство по вопросам туристской деятельности надо рассмотреть до конца текущего года.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қазақстандағы туризм – ол біздің перспективамыз. Көптеген шаруа атқарылатынын бүгін Президент айтты.

Мемлекеттік сатып алулар саласын жетілдіру биыл Парламент қарауына ұсынылатын заң жобаларының бірі болмақ. Бұл ретте, депутаттар мен Үкімет өкілдері қаржыны тиімді жұмсау мен жемқорлықты жою жолдарын айқындауы тиіс. Ал экономикалық заңбұзушылықтар төңірегінде ізгілендіру ісі жалғасын табады.

Агроөнеркәсіп саласын да ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Несиелік серіктестіктерді дамыту, аграрлық қолхатты енгізу, ветеринариялық бақылауды жетілдіру сынды межелі міндеттер бар. Бұдан бөлек, Президент ауыл шаруашылығы ғылымына баса көңіл бөлуді міндеттеді. Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» аясында тарихи құндылықтарды сақтау мәселесі құқықтық тұрғыда бекітіледі. Яғни, киелі нысандар көздің қарашығындай қорғалуы үшін алдағы сессияда арнайы заң жобалары қаралады. «Егер бұл Парламент назарына ұсынылған 6 мәселе болса, Түркістан облысы мен Шымкент қаласын дамыту – жетінші міндет», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ол – еліміздің ең киелі жерлерінің бірі. Тарлан тарихымызда талай тағдырлы шешімдер осында қабылданған. Есімдері ел тарихында мәңгі жазылған біртуар тұлғаларымыз осында жай тапқан. Халық тығыз қоныстанған тұтас оңтүстіктік өңірдің дамуы жаңа облыс орталығының жұмысын тиімді ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан Үкімет пен әкімшілік бұл жерде тығыз жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленген Шымкенттің тыныс-тіршілігі де назарда болуы тиіс.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Түркістан облысына қатысты арнайы заңдардың қабылдануы бұл ерекше жайт. Өйткені Түркістан – қасиетті жерлердің бірі. Прездент тарихи қасиетті орындарға қатысты арнайы заңдардың қажет екенін айтып, өзгерістер енгізіледі.

Түркістан мен Шымкенттің дамуына енді ерекше назар аударылады. Елбасының өзі алдағы уақытта осы өңірлерге сапарлап, түйінді түйткілдермен танысып қайтпақ. Яғни екі дүние есігі атанған ежелгі шаһар келешекте қарқынды дамиды деген сенім зор. Палатаның бірлескен отырысынан соң Елбасы депутаттармен әңгімелесіп, алда атқарылатын мақсат-міндеттерді тағы да пысықтады. Әсіресе, туризмді дамытып, шетелден саяхатшылар тартудың маңызына тоқталды.

Жалпы 4-сессия елдің заң шығару тарихында маңызға ие. Себебі қабылданатын заң жобалары әлеуметтік әлеуетін арттырумен қоса, экономика мен саясатты дамытып, ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталады.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге барлық депутаттық корпус атынан Парламенттің 4-сессиясын ашып, алдағы жұмысымыздың негізгі бағыттарын белгілеп бергеніңіз үшін алғысымды білдіреміз және бүгінгі Парламенттің алдында қойған барлық міндеттерді екі палата депутаттары абыроймен атқарады, деп сізді сендіруге рұқсат етіңіз.

Тұрғын Сыздықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Экономика мен тәрбие бірге жүруі керек. Барған жерімізде көріп жүрміз, біраз жұмыс атқарылып жатыр.

Берік Дүйсенбинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Елбасының бес әлеуметтік бастамасын сапалы түрде қадағалау өте маңызды деп ойлаймыз. Өйткені аймақтарға шыққан кезде 5 әлеуметтік мәселе бойынша халықтың назары ерекше.

Авторы: Рауан Мыңбаев @MynbaevR

Осы категория бойынша: « Еліміздің 5 облысында қар аралас жаңбыр жауады «Хабар 24» арнасына 6 жыл толды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы