374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитінде маңызды мәселелер талқыланбақ

  • 480
  • UPD: 13:28, 03.09.2018

Бүгін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті өтеді.

Оған қатысу үшін Елбасы кеше Қырғызстанға барды.

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

– Алқалы жиын Қырғыздың Шолпан ата курорттық аймағындағы «Рух Орда» мәдени орталығында өтеді. Бұл орталыққа атақты жазушы Шыңғыс Айтматовтың есімі берілген. Биыл Қырғыз халқы оның 90 жылдығын атап өтуде. Осы тұста айта кеткен жөн, курорттық аймақ кешеден бері тек туристерді ғана емес, мәртебелі қонақтарды да қабылдап жатыр. Олар демалуға емес, бас қосып, келелі кездесу өткізу үшін арнайы келді. Негізі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесі осыдан 2 жыл бұрын ұйымдастырылуы керек болған. Бірақ Қырғыз тарапы кейінге шегеріп, бүгін алқалы жиын өткізудің сәті түсті. Мұндай басқосу осыдан үш жыл бұрын қазақ жерінде өткен болатын. Сондықтан отырысты Елбасы ашып беріп, төрағалық ету міндетін Қырғыз тарапына тапсыратын болады. Кеңесте ұлттық ойын түрлері мен жастар саясаты мәселесі бойынша әріптестік жайы талқыланбақ. Оның қорытындысы бойынша Шолпан ата декларациясы қабылданып, маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған. Ал алқалы жиынға Қазақстан мен Қырғызстаннан бөлек, кеңеске мүше Әзербайжан мен Түркия да қатысады. Өзбекстан мүшелік етпесе де, арнайы келіп отыр. Осы тұста айта кеткен жөн, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесі тікелей Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы Әзербайжанда өткен саммитте құрылған болатын.

Осы категория бойынша: « Елбасы ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы