364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысына Алматының макеті 3D проекция түрінде таныстырылды

  • 368
  • UPD: 17:46, 04.09.2018

Қазақстан Президенті «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды.

Президент бас сұққан 9 қабатты су жаңа ғимарат жаңадан салынған. Бұнда цифрлы геоақпараттық орталық жұмыс істейді. Кез келген адам Алматының сәулетшілік өнер және қаланың қалыптасу тарихымен 3D форматында таныса алады. Шаһарда тұрғызылатын ғимараттардың сыртқы келбеті жаӊаша сандық технологиялармен жабдықталмақ. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындарының саны өсіп, оның аумағы ұдайы кеңейетінін ескеріп, қаланың бас жоспарын әзірлеуге жауапты институтты қалпына келтіруді тапсырған болатын. Соңғы 10 жылда Алматы көлемі 2 есеге өскен. Жаңадан Алатау және Наурызбай аудандары құрылды. Алдағы уақытта Алматының шекарасы ұлғайтылмайды. 2030 жылға дейінгі басты міндет – қала ішіндегі аудандарды дамыту.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

–  Все делать разумно. Необходимо развивать транспорт, улицы, пешеходы, камеры установить.

Осы категория бойынша: « Нұрсұлтан Назарбаев Алматының бас жоспарымен танысты Елбасы: Алматы тұрмысқа қолайлы қала ретінде одан әрі дамуы тиіс »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы