369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Нығматулин: Статистика мен нақты цифрлар арасында алшақтық болмауы тиіс

  • 346
  • UPD: 17:00, 05.09.2018
Н.Нығматулин: Статистика мен нақты цифрлар арасында алшақтық болмауы тиіс parlam.kz

Алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің төртінші сессиясының жұмысы жүріп жатыр. Сессияны 1 қыркүйекте қос палатаның бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашқан болатын.

Бүгін Парламент мәжілісі алғашқы пленарлық отырысын өткізді. Депутаттар қарауына бірден 17 заң жобасы ұсынылды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, халық қалаулылары өз жұмыстарында мемлекет басшысы белгілеп берген 7 заңнамалық бағытты басымдыққа алады. Басты назарда халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған заң жобалары болады. Қазірдің өзінде парламент қарауында 50 ден астам заң жобасы бар. Яғни бұл жолғы сессия жұмысы маңызды шараларға толы болмақ. Парламенттік тыңдаулар, үкіметтік сағат, көшпелі мәжіліс пен халықаралық конференциялар мен кездесулер өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Біздің енді басты мақсатымыз – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүктеген міндеттерді өз уақытында, сапалы заңдармен қамтамасыз ету. Соның ішінде Елбасымыздың жаңа тапсырмаларына сәйкес, әлеуметтік жағдайды одан әрі күшейтуге, экономиканы дамытуға және ұлттық-рухани байлықты сақтауға біз ерекше көңіл бөлетін боламыз.

Осы категория бойынша: « Елбасы: Алматы тұрмысқа қолайлы қала ретінде одан әрі дамуы тиіс Қазақстанда ТКШ саласын ауқымды реформа күтіп тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы