365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының даму қарқынын бағамдады

  • 504
  • UPD: 21:25, 07.09.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудағы металлургия комбинатына барды. Кәсіпорынды дамыту жоспарымен танысып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне қатысты маңызды міндеттер жүктеді.

Сондай-ақ жылу электр орталықтарын жөндеу жөнінде тапсырма берді. Бұдан бөлек, Президент Теміртаудың қайта жаңғыртылған ежелгі саябағын аралап көрді. Онда замандастарымен жүздесіп, емен-жарқын әңгімелесті. Кейін қарағандылық жас жұбайлардың неке қию рәсіміне куә болды.

Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нақты нәтижесі көп. Соның бірі – облыс орталығында салынған неке сарайы. Нысан былтыр жергілікті кәсіпкердің қаражатына бой көтерген. Мұнда Мемлекет басшысы жас жұбайлардың неке қию рәсіміне куә болды. Сондай-ақ оларға сый-сияпат ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ертең Отбасы күні аталып өтеді. Көп адам үшін бақыт дегеніміз – отбасы және балалары. Сіздерді өмірлеріңіздегі ең жарқын оқиғамен құттықтаймын!

Әр отбасы – шағын мемлекет. Оны дамыту, береке-бірлігін нығайту жауапкершілігі зор міндет. Осы ретте Елбасы еліміздегі отбасылық құндылықтар мен жас ұрпақты тәрбиелеу ісінің маңыздылығына тоқталды.

Арайлым Жамбаева, қала тұрғыны:

– Келгеніңізге көп рақмет, «7-20-25» бағдарламасы бойынша үй алуды жоспарлап отырмыз. Өте ризамыз.

«АрселорМиттал Теміртау» – қара металл прокатын шығаратын ірі кәсіпорын. Қарағанды облысындағы негіз құраушы өндіріс орны. Оның даму қарқыны, жаңғырту жоспары Президенттің айрықша назарында. Әсіресе, металлургия комбинатын тұралатпай, кеңінен қанат жайдыру, жұмыс орындарын көбейтіп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту – Мемлекет басшысы жүктеген маңызды міндет.

Елбасы кәсіпорындарды аралау барысында сұрыпты прокат өндіру технологиясымен танысты. Сондай-ақ комбинатқа қарасты жылу электр орталықтарын жөндеу жоспарын бағамдады. Бұл мәселе кеше облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте көтеріліп, Президент тарапынан компания басшылығына қатаң ескерту жасалған болатын. Себебі жылу электр орталықтарын жөндеу ісі кезек күттірмейді.

Бұдан әрі ірі кәсіпорын еңбеккерлерімен емен-жарқын әңгіме өрбіді. Елбасы өндіріс орнының құрылысы мен өсіп-өркендеу кезеңіне куә болған тұлға ретінде естеліктерімен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

– Сейчас на территории завода меня переполняют особые чувства. Впервые я  переступил через проходную в 1958 году. Здесь тогда еще ничего не было. Все это строилось на моих глазах.

Компания басшылығына қала тұрғындарының тұрмысын жақсартуға баса көңіл бөліп, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сақтау қажеттігі де міндеттелді. Енді қалада медициналық және білім беру мекемелерінің саны артуы тиіс. Жалпы металлургтер мен комбинат еңбеккерлерінің ауыр жұмысын Елбасы жақсы біледі. Өзі де осы кәсіпорында тынымсыз тер төккен. Сондықтан зауытқа қатысты жағдайды үнемі бақылауында ұстап отырады. Президент кәсіпорын аумағын аралап, бір кездері өз қолымен темір балқытқан Домна пешін де көрді.

Бұдан әрі Президент сапары Теміртаудың қалалық саябағында жалғасты. Өткен ғасырдың 56 жылы салынған демалыс орны толықтай жаңғыртылып, есігін қайта айқара ашқан.

Саябақ аумағы 7 гектарға жуық. Кәсіпкерлердің қаражаты арқылы абаттандырылып, өткен ғасырдың 60-70 жылдары кең қолданыста болған жабдықтары орнатылды. Мәселен, сол заманның жарықшамдары, сауда дүңгіршегі, би алаңы, махаббат бұрышы пайда болды. Сондай-ақ Теміртау көшелерімен жүйткіген травмай да құнды жәдігер ретінде көпшілік назарына ұсынылды.

Ғалымжан Спабеков, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

– Осы саябақты ел болып жұмылып, ұсынысты бизнес өкілдері қабылдап, шаруаны бастадық.

Тұрлыбек Әміров, қала тұрғыны:

– Қазақстан металлургиясының орталығы деуге болады. Қасиетті жер.

Елбасының Теміртауға жасаған әрбір сапарында жергілікті жұртпен, әсіресе, бірге білім алып, еңбек жолын бастаған замандастарымен жүздесуі дәстүрге айналған. Бұл жолы да игі үрдіс жалғасын тапты. Әріптес әрі замандастардың кездесуі жастық шақта жиі бас қосатын саябақ аумағында өтті.

Ермек Төлебаев, қала тұрғыны:

– Жас кезімізде оқуға түскенімізге Аллаға тәубе деймінү Елбасымен кездесіп отырмыз, қарым-қатынасымыз жақсы.

Осымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды облысына екі күндік сапары қорытындыланды. Еңбек ұжымдары мен әлеуметтік нысандардың жұмысы, жалпы аймақтың одан әрі даму қарқыны бағамдалды. Енді облыс басшылығы мемлекеттік бағдарламалар аясында қолға алынған бастамалар мен межелі міндеттерді жан-жақты жүзеге асыруы тиіс.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Жандос Битабаров, Асхат Әзіретханов, Хасен Омарқұлов

Осы категория бойынша: « «Junior Eurovision 2018» балалар ән сайысының финалистері анықталды Қазақстандықтар Отбасы күнін атап өтуде »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы