374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2025 жылға дейін еліміздегі жолдардың 85 пайызы жаңартылады

  • 299
  • UPD: 15:33, 10.09.2018

Биыл 1 қарашадан бастап бірнеше бағыт бойынша жол ақылы болады.

Одан түскен  қаржы автожолдардың күтіміне жұмсалмақ. Жалпы алдағы 3-4 жылда 11 мың шақырым күре жолды ақылы ету көзделіп отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.

Айта кеткен жөн, 2025 жылға дейін еліміздегі жолдардың 85 пайызы жаңартылады. Оған жыл сайын 150 млрд теңге қаражат бөлініп, 4 мың шақырым жол жасалады. Қаржының жартысы республикалық қазынадан, сондай-ақ, жергілікті бюджеттен қарастырылады.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Осы жылы 3 участокта ақылы жолдар пайда болады. Біріншісі – Астана мен Теміртаудың екі ортасы. Екіншісі – Қапшағай мен Алматы. Үшінші участок – Қорғас пен Алматының екі ортасы. Бағасы біз Көкшетауға барғанда қалай төлейміз, солай болады. Болашақта 3-4 жылдың ішінде 11 мың шақырым ақылы жол болады. Ол тек республикалық маңызы бар жолдар.

Осы категория бойынша: « Ақылы жолдарды тапсыру мерзімдері үнемі кейінге шегеріледі - Божко Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы