365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы: Елорданың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу керек

  • 217
  • UPD: 17:55, 11.09.2018

Елбасы жаңадан тағайындалған Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа да маңызды міндеттер жүктеді.

Соның бірі – жаңа тұрғын үйлер салып, халық үшін қолайлы жағдай жасау. Ол үшін 2050 жылға дейінгі қаланың ұзақмерзімді даму стратегиясын әзірлеу керек. Ал елорданың туристтік әлеуетін дамыту ісінде әлемнің үздік тәжірибелерін қолдану маңызды. Осыған ден қойған Президент мемлекеттік қызмет сапасын арттырып, Цифрландыру бағдарламасын іске асыру мәселесіне де назар аударды. «Сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, елорданы іскерлік қаржы хабы ретінде дамытуды жалғастыру қажет», - деді Елбасы.

Ал кездесу алдында қалалық мәслихаттың сессиясы өтті. Онда депутаттар Астана қаласының жаңа әкімі Бақыт Тұрлыханұлының кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы Астана қаласының активімен кеңес өткізді Б.Сағынтаев бірқатар ведомство басшысына ескерту жасады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы