365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Түркиядағы іскер топ өкілдерімен кездесті

  • 217
  • UPD: 15:39, 13.09.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға ресми сапары басталды.

Бүгін Елбасы Анадолы жерінде іскер топ өкілдерімен кездесті. Жалпы Түркия – Қазақстанның саяси тұрғыдағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі. Сондықтан экономикалық тұрғыдағы алыс-беріс көп. 27 жыл ішінде Кіші Азия түбегіндегі Түркия мен Қазақстан арасында сауда-саттық тоқтаған емес. Қазір елімізде екі мыңнан астам түрік компаниясы тіркелген. Көбі шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. Бірлесен кәсіпорындар да жетерлік. Соңғы жылдары өңдеу саласында өсім байқалады. Анкараға ресми сапармен келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы жетекші ірі компаниялар мен холдингтердің басшыларымен бір үстел басында келіссөздер жүргізді. Ұзын саны – 25 компания. Әрқайсысында Анадолы еліндегі майлы жілікте үлесі бар. Экономиканың басты тірегі осылар. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас елдің бизнес өкілдерін түрлі саланы дамытуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Түркия Қазақстанның сауда айналымының алғашқы ондығына кіретін стратегиялық әріптес болып табылады. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 27%-ға артып, екі млрд-қа жақын долларды құрады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 820 млн доллар. Тәуелсіздік алғалы бері Түркия Қазақстанға 3 млрд доллардан астам тікелей инвестиция салды. Қазақстан да Түркияға 940 млн доллар салды. Қазақстанда түрлі салаларда түрік капиталының қатысуымен екі мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Екі елдің арасындағы мызғымай келе жатқан және кейінгі 27 жылдың арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін бүгін мен Ердоған мырзамен келіссөздер жүргіземін. Бар жағынан, меніңше, келісетін боламыз деп санаймын. Бұл кездесулер бізді жақындастыруы керек. Сенім білдіруі керек.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы ресми сапармен Түркияға барды Мемлекет басшысы «Коч Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасымен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы