366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Цифрландырудан үнемделген қаржы дәрігерлердің жалақысын көтеруге жұмсалады

  • 300
  • UPD: 18:09, 17.09.2018

Денсаулық саласындағы қағазбастылық мүлде жойылады.

Қазір еліміздегі медициналық мекемелерді жаппай цифрландыру ісі жалғасып жатыр. Әсіресе, емханалар мен ауруханалар ақпараттық жүйелермен қамтамыз етіліп, құжаттар электронды нұсқаға ауыстырылуда. Жоспар бойынша бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Яғни келер жылы Қазақстандағы медициналық қызмет толығымен электронды үлгіге көшеді. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішев мәлімдеді. Оның айтуынша, цифрландыру нәтижесінде миллиондаған қаржы үнемделеді. Осының есебінен дәрігерлердің айлығын көтеру жоспарланып отыр.

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Шынында да, зор қаржыны үнемдеу мүмкіндігі туып отыр. Бұл ақша бюджетке қайтарылмайды, айлық қорына аударылады. Ал дәрігерлер осы басымдықты түсініп, цифранландыруға қатысты бастамаларға жақсы қолдау танытып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы