360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Егін жинау жұмысы Үкімет отырысында талқыланады

  • 404
  • UPD: 13:50, 18.09.2018

Үкіметтің бүгінгі отырысында биылғы егін жинау жұмысының барысы талқыланады.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Күз жиын-терімнің кезі екені белгілі. Қамбаны астыққа толтырудың қамындағы шаруаға қамқорлық керек. Мысалы, бидайды кептірудің өзіне қосымша 85 мың тонна дизель жағармайы қажет екен. Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері қажетті отынды тиімді бағамен қамтамасыз ету жайын еліміздің Энергетика министрлігіне құлаққағыс етті. Бүгінге дейін 8,9 млн гектардың астығы жиналғаны жайында мәлімет бар. Бұл – жалпы ауқымның 59 пайызы.

Хабар 24 телеарнасы